ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жас сарбаздары Үшарал қаласының орталық алаңында өткен Ұлы Отан соғысының Жеңісі мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Мерекелік шара аясында жас сарбаздар Отан алдындағы борышты өтеудің маңыздылығы мен елге қызмет етудің абыройлы іс екенін ерекше сезініп, патриоттық рухта тәрбиеленуге серпін алды. Шара барысында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың ерлігі мен қайсарлығы жас ұрпаққа үлгі ретінде айтылды.
Салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, әскери қызметтің маңызын насихаттайтын көріністер ұсынылды. Жас сарбаздар саптық жүріс пен салтанатты шеруге қатысып, көпшілікке шекарашылардың тәртібі мен дайындығын көрсетті.
Іс-шара — жас буынның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи жадыны сақтау мен ел қорғауға деген жауапкершілікті нығайтудың маңызды қадамы болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті