ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «80 игі іс» жалпы республикалық бастамасы аясында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты басқарма жанындағы әйелдер кеңесінің бастамасымен “Қайырымдылық керуені” және “Балаға қуаныш сыйла” акциялары шеңберінде Панфилов аудандық балалар үйіне қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында шекарашылар балалар үйіне қажетті тұрмыстық заттар мен тәтті сыйлықтар табыстап, тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар балаларға арнап шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ойын-сауық ойындары ұйымдастырылды.
Аталған игі бастама шекара қызметінің әлеуметтік жауапкершілігі мен отансүйгіштік рухының көрінісі болып табылады. Мұндай шаралар жас ұрпақтың жүрегіне мейірім ұялатумен қатар, қоғамдағы бірлік пен қамқорлықтың маңызын арттыра түсетіні сөзсіз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті