ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Көксу» шекара бөлімшесінде ашық есік күні ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға “№7 Рудничный” және “Беріктас” ауылдарындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арнайы шақырылып, шекара күзетінің қызметімен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Шара барысында оқушыларға шекарашылардың күнделікті жауынгерлік қызметі, пайдаланылатын қару-жарақтар мен арнайы техникалар, кинологиялық қызмет және күзет бекеттеріндегі бақылау жүйелері көрсетілді. Сондай-ақ, бөлімше әскери қызметшілері шекараны қорғау ісіндегі маңызды міндеттерді түсіндіріп, қызметтің мән-маңызы туралы әңгімелеп берді.
Кездесу соңында оқушыларға әскери-патриоттық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шекара қызметіне түсу мүмкіндіктері мен талаптары жайлы мәлімет берілді.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың патриоттық рухын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























