«Ұлттық кітап күні» аясында кітап апталығы бастау алды

257

Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Қаулысымен Қазақстанда «23 сәуір – Ұлттық кітап күні»  жаңа мереке болып бекітілді.

Қалалық кітапханада алғаш рет аталып өткелі жатқан «Ұлттық кітап күні» фестивалі 16-23 сәуір аралығында кітап апталығы бастау алды.

Осыған орай, 2025 жылғы 19 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 3 «Ә» сынып оқушыларымен «Қуыршақ» театрлық қойылымы өтті. Мақсаты: Балалардың назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Шара барысында «Теремок», «Жылауық қыз», «Балық пен түлкі», «Бауырсақ» атты қойылымдар қойылып, кішкентай оқырмандар шат-шадыман болып жақсы әсер алды.

Албиланова Назгүл Досайқызы, қалалық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз