Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласында тұратын соғыс ардагері Төлеубай Шектібаевқа құрмет көрсетілді.

Бұл жолы соғыс ардагеріне құрметті «Ясли сад «Нур Газиз» ЖШС жасады. Жетісу гарнизоны әскери қызметшілері тәрізді әскери киім киген қолдарында гүл шоқтары бар балабақшада тәрбиеленуші ұл-қыздар аталарын құттықтады.
Бүлдіршіндер майдангер атамызға гүл шоқтарын беріп өздерінің Жеңіс күніне арналған тақпақтарын айтып берді. Көзі ашық, көңілі асқақ ардагер атамыз ақ батасын беріп, бүлдіршіндермен естелікке суретке түсті. Балабақша меңгерушісі Шынарай Жұмабекова: «100 жастағы ҰОС ардагері Төлеубай Шектібаев атаның үйіне барып кездесіп қайттық. Бүгінгі іс-шара бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беру, бейбіт өмір үшін өз өмірлерін қиған майдангерлерге тағзым ету болып табылады»,- дейді.
Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі





























