ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының офицері, майор Нұрлыбек Жасұлан Б.Назым атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеуді мақсатында ұйымдастырды.
Сабақ барысында майор Нұрлыбек Жасұлан шекарашылардың қызметін, әскери қызметтің жауапкершілігі мен мәртебесі туралы кеңінен әңгімелеп, өзінің әскери өмір жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғаудағы шекарашылардың рөліне тоқталып, Отан алдындағы борышты абыроймен атқару – әр азаматтың қасиетті міндеті екенін ерекше атап өтті.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шекара қызметіне қатысты мол мағлұмат алды.
Осындай кездесулер жас буынның бойында патриоттық сезімді нығайтып, ел қорғаны болуға деген ынтасын арттырары сөзсіз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті