7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Алматы қаласындағы Психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер-нарколог маманы Анна Трубникова және ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери-медициналық бөлімінің бастығы, медицина қызметінің полковнигі Айдын Қандығатаев жеке құраммен кездесу өткізді.
Анна Трубникова «Есірткі, алкоголь және темекіні тұтынудың салдары және оның алдын алу» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісіп, зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізер кері әсерін түсіндірді.
Айдын Қандығатаев «Денсаулықты шынықтыру мен нығайту, салауатты өмір салты – ұзақ және сапалы өмір сүру кілті» тақырыбында баяндама жасап, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану мен психологиялық тұрақтылықтың маңызын атап өтті.
Бұл іс-шара жеке құрамның денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануға үндеуге бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті