Есірткі заттарын  қолданудың  алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

56

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында жеке құраммен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілер арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу және зиянды әдеттерден сақтандыру.

Аталған кездесуге Панфилов ауданы ауруханасының нарколог-фельдшері С.М.Қойбағаров арнайы шақыртылып, жеке құраммен ашық сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, олардың құқықтық салдары мен қоғамға кері әсері жан-жақты түсіндірілді.

Жеке құрам кездесуге белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Шара соңында нарколог-фельдшер қызметшілерді салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отырады.

                                    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз