Қала бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үлесі 6%-ды құрады.

83

2024 жылы Талдықорған қаласы бойынша 6026 га егін егіліп, 70 мың тоннадан астам өнім жиналды. Ағымдағы жылы егістік көлемін 6200 гектарға жеткізіп, 900 тоннаға жуық минералды тыңайтқыш енгізу жоспарлануда.

​Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 330 млн теңгеге 18 дана ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Жалпы қала бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үлесі 6%-ды құрады.

​​2025 жылға арналған көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арзандатылған 275 тонна дизель отынына 44 шаруа қожалығы өтінім берді.

​ ​

Мал шаруашылығы

​Талдықорған қаласының ветеринариялық станциясының АШЖБ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру) ақпараттық жүйесіне сәйкес, қала аумағында 7800 ірі қара малы, 22000 қой мен ешкі, 4200 жылқы және 1,5 миллион құс тіркелген.

 

  1. 2024 жылы Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің 18 тұрғыны«Ауыл аманаты» жобасы арқылы 150,7 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Оның ішінде:39.7 млн теңгені құрайтын 5 жоба мал шаруашылығы саласына және 111 млн.теңгеге 13 жоба өзгеде бизнестерге арналған. Аталған жобалардың мақсатына сай іске асырылуы қала әкімдігінің жауапты қызметкерлері тарапынан тұрақты бақылауда.

 

  1. Қала аумағында жалпы 2000-ға жуық адам еңбек ететін 790 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тіркелген.Оның ішінде егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардан бөлек «Көгер», «Сардар ЛТД», «ЖЛС сүт», «Ляззат» ЖШС секілді 100 адамнан астам еңбеккерлері бар ірі және орта кәсіпорындар бар.

 

  1. Өткен 2024 жылы Аграрлық Кредиттік Коорпорацисы арқылы «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары аясында жалпы 51 шаруа қожалықтарына 917 млн. теңге көлемінде арзандатылған несилер берілді.

Ағымдағы жылдың I-тоқсаныңда 16 шаруа қожалығына 255 млн. теңге көлемінде арзандатылған несилер берілді. Атап айтсақ:«Кең дала» бағдарламасы арқылы 180 млн.тг, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 15 млн.тг, «Іскер» бағдарламасы аясында60 млн.тг.

Қуаныш Сейтімбетов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз