Шілдеден бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелген курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді

1164

Бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатыса алады. Қаржы министрлігі пилоттық жобаны әзірледі: 1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді.

Қаржы министрлігі бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану тізбесі пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу қызмет түрімен толықтырылғанын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз