2023 жылдан бастап 42,8 км сумен жабдықтау желілерін салу бойынша ауыспалы 2 нысан:
— Қызыл тас саяжай қоғамы (мердігер мекеме «Қарасай Құрылыс» ЖШС, жоспар – 24 км,
13.12.2024 жылы зертханалық талдаулардың оң қорытындысы алынды, 17.12.2024 жылы «Жетісу Су Арнасы» МКҚК сумен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар беру бойынша жұмыстар басталды.
Сондай — ақ, 2024 жылы «Жастар 1/1 «ЖТҚ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы» нысаны бойынша ҚМЖ аяқталды.
15.01.2025 жылы зертханалық талдаулардың оң қорытындысы алынды, 27.01.2025 жылы «Жетісу Су Арнасы»МКҚК сумен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар беру бойынша жұмыстар басталды.
2025 жылы 3 жобаны іске асыру бойынша ҚМЖ бастау жоспарлануда:
— Еркін ауылындағы сумен жабдықтау. Жалпы құны 467,5 млн. теңге, 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен 90,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда тендердің жеңімпазы – «ЭВА Люкс» ЖШС анықталды. (Шарт жасасу рәсімі жүргізілуде).
1 бөлімше Подхоз сумен жабдықтау. Жалпы құны 685,3 млн. теңге. Бүгінгі таңда халықтың суды тұтынуы жеке ұңғымалар мен бағандар арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда тендердің жеңімпазы –«Темірқазық-құрылыс жобасы» ЖШС анықталды. (Шарт жасасу рәсімі жүргізілуде).
Сонымен қатар, Талдықорған қаласында сыртқы сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструкциялау жобасы әзірленіп іске асыру барысында. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық шаралар өткізілуде.
Қуаныш Сейтімбетов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары





























