ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы Ауғанстан Демократиялық Республикасында әртүрлі уақытта халықаралық борышын өтеген ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесуге ардагерлер Өмірсерік Қойшыманов, Шалғымбай Абденов, Совет Қарабеков және Николай Калашников қатысты.
Шекара қызметінің жеке құрамы ардагерлердің әскери борышын өтеу жолындағы ерлік істері мен басынан өткен оқиғаларын тыңдап, олардың батылдықтары мен Отанға деген адалдықтарына құрмет білдірді. Кездесу барысында қонақтар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жас шекарашыларға патриотизм мен әскери міндетке адалдық туралы маңызды кеңестер берді.
Шара барысында ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың ерліктері болашақ ұрпаққа үлгі екені атап өтілді. Сондай-ақ, жеке құрам ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың тәжірибесі мен өнегесі шекарашылар үшін үлкен рухани азық екенін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар ардагерлермен естелік суретке түсіп, олардың өмір жолына құрмет көрсетіп, әскери қызметтің абыройы мен маңыздылығы туралы пікір алмасты. Бұл шара жас шекарашылардың патриоттық рухын көтеріп, олардың ел шекарасын қорғаудағы жауапкершілігін арттыра түсті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті