Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылуда

301

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан министрлік балаларға арналған SIM-карта ұсыну жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды басқа ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz

Мәжілістің кулуарында балалар арасындағы буллингпен күрес жайында айтып, осындай жобаны ұсыну жоспарланып отырғанын айтты.

Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Сол себепті балаларға арналған SIM-карта енгізуді ұсынып отырмыз. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады, — деді вице-министр.

Е. Оспан министрлік осындай жүйені енгізуді ұсынып отырғанын айтты. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектеуге де болады, — деп түсіндірді Еділ Оспан Мәжілісте.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз