Күні кеше ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс екенін, бизнес пен мемлекеттің мүдделерін ескеруі керек екенін атап өткен болатын. Яғни, салық кодексі өте қарапайым, түсінікті, әрі нақты болуы тиіс. Жиында ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі маңызды тетіктер сараланды. Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні атап өтілді. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнеспен әлі де талқылануда.
Ақмарал Ардақ, қала тұрғыны