Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін отандық кәсіпкерлермен кездесіп, экономиканы нығайту арқылы Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту-стратегиялық міндет екенін атап өтті. Шағын және орта бизнесті қолдау үнемі Үкімет назарында болатынын және экономиканы дамытуды жаңа деңгейге көтерудің жолдарын айтты. Яғни, ол үшін инфрақұрылым, индустрия, цифрландыру және басқа да салаларда серпінді әрі ауқымды жобалар қажет екеніне тоқталды Үкімет ұсынып отырған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары екенін, оны экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларда әзірлеуді тапсырды.Осы орайда білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, депутаттардың пікіріне құлақ асқан жөн деді.
Назерке Әділбекова, «Талдықорған» газетінің тілшісі.