Мемлекет басшысы Үкіметке қосымша құн салығын тағы да нақтылауды тапсырды

108

Қосымша құн салығына қатысты нұсқалар кәсіпкерлер тарапынан да қоғам тарапынан да аса қолдау таба қоймағаны белгілі. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен арнайы кездесіп, кәсіпкерлікті дамытудың жолдары туралы айтты. Еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту-ең басты мақсаттардың бірі екенін алдыға тартып, экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, ҚҚС қатысты түрлі нұсқаларды әзірлеу керек деді. «Қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараоанып белгіленуі тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, кәсіпкерлердің, депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс», — деді. Сонымен қатар нақты шешім биыл қабылдануы тиіс екенін тапсырды. ҚҚС бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет-деді.

Гүлжанат Нұршанова, «Талдықорған» газетінің бас редакторы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз