Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Төлемісов шаһардың тыныс—тіршілігімен танысып, бірқатар нысандарды аралады.
Сапар барысында халық қалаулылары Талдықорған қаласындағы кардиологиялық орталыққа бас сұғып, орталықтың материалдық техникалық базасын көріп, дәрігерлермен жүздесті. Мамандар сенат депутаттарына жаңа алынған аппараттарды көрсетіп, атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, жүрек қан тамыры ауруларына шалдыққандардың саны артып келе жатқанын, қазіргі ғимарат тарлық етіп отырғанын айтып, жаңа ғимарат салынса деген ұсыныс айтты.
Бұл мәселе бойынша Сұлтан Дүйсембинов:
– Жұмысқа барғаннан кейін, ұсыныстар мен елдің айтқан сауалдары бойынша өзіміздің жұмысымызды межелеп, үкіметке әрі қарай ұсыныстарымызды жасаймыз, – деді.
https://7-su.kz/news/cat-19/26644/