Елімізде ректорларды тағайындау конкурстық негізде жүзеге асыру қолға алынуда. Осыған байланысты ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылып, оған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келгендігін естіп, ақпарат құралдары арқылы танысып жатырмыз. Тіпті алдағы 2025-2027 жылдары 7 ЖОО базасында ғылыми зерттеулер бағдарламалары жүзеге аспақ. 5 айтулы оқу орындарының ғылыми зерттеу орталықтарына мәртебе берілді. Болашақ жастардың қолында. Олардың білімді де, білікті мамандар болуына елімізде барлық жағдайлар қарастырылуда. Талдықорған қаласында жатақахана мәселесі толығымен шешілген. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Талдықорған жоғары медициналық колледжі білімгерлері үшін жайлы жатақхана бой көтерді. Осыған қуаныштымыз.
Жансая Жанатқызы,
Талдықорған қаласындағы №29 орта мектептің шет тілі мұғалімі