Елімізде оқытудың озық әдістерін енгізу, студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту және реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Мәселен, ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау және коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар енгізілуде. Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Бұл жас ғалымдарды Қазақстанда қалуға әрі елімізде ғылымды дамытуға ынталандыратыны сөзсіз.
Досан Рысбек, №23 ОМ тарих пәнінің мұғалімі