Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды яғни балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгермек. Жаңа өзгеріске сәйкес, ата-аналар балаға балабақшаны өзі таңдайды. Мемлекет баланың білім алуына қажетті қаржыны мектепке дейінгі ұйымға емес, балаға таңдалған мекемеге бөледі. Бұл тәсіл жеке меншіктегі және мемлекеттік балабақшалар арасындағы бәсекелестікті арттыруға жол ашады. Нәтижесінде балабақшалар мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасына, тәрбиешілер мен педагогтардың біліктілігіне мән бермек. Қазіргі уақытта аталмыш механизм төрт қалада – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.
Дания Қыдырбаева, Жетісу облысының ата-аналар комитетінің төрайымы