Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды.
Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 69 адам болған, оның 5-еуі – экипаж мүшесі. Оның ішінде 42 Әзірбайжан азаматы, 6 Қазақстан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы және 16 РФ азаматы болған, — деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті апат-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаев.
Оның айтуынша, қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарына 701 жеке құрам және 82 бірлік техника жұмылдырылды. 28 адам ауруханаға жеткізілді, оның 2-еуі бала.
Дереккөз ://kaz.inform.kz/news