Қайтарылған актив есебінен салынған мектеп

15

  Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында көптен күткен №30 мектептің есігі  өткен оқу жылында ашылды. Бұл білім ордасы жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған. 1200 балаға шақталған шаңырақ барлық талапқа сай, тіпті оқушының жеке шығармашылығымен айналысуына жағдай жасалған. Сан түрлі үйірме, спорттық секция маңайдағы ауыл балаларының қуанышын еселеді. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Мектепте 50 орынды оқу залымен кітапхана, спорт зал, гимнастикалық зал, 405 орындық асхана, 390 орындық мәжіліс залы, физика, химия, биология жаңа модификациялық кабинеттері, 4 мультимедиялық кабинет, ұлдар мен қыздар шеберханалары бар. Сонымен қатар пән кабинеттерінің барлығы қажетті әдістемелік, техникалық құ­рал­мен жабдықталған.

                                                                                                      Шалқар  Оразбаев,

                                               Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка                              мектебінің         директоры,     Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз