Талдықорғанда қала әкімінің шыршасы өтті

28

Өтенай ауылдық мәдениет үйінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылар қала әкімінің жаңа жылдық  шырша мерекесі өтті. Аталмыш жаңа жылдық кешке қаламыздың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқу озаттары,  сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін жалпы 700 өрен қатысты.

Жасөспірімдер асыға күтер салтанатты шараға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл  жүрекжарды лебізін жеткізді. «Сендер бір отбасының ғана емес, еліміздің үкілі үмітісіңдер. Барлығың осы жылы жақсы оқып, спорттық жетістіктерге жетіп, жаңа жылды қуанышты көңіл-күймен қарсы алғалы отырсыңдар. Жаңа жылда жаңа табыстарға қол жеткізіп, жаңа білімді игеріңдер, барлық армандарың орындалсын. Сендер ынтымағы жарасқан елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Тәуелсіз елімізбен бірге өркендеп, еліміздің мақтанышы болуларыңа тілектеспін»-деді.  Қатысушы балаларға сыйлық табыстап, жаңа жылдық шырша маңына жиналғандар  цирк әртістерінің, өңір өнерпаздарының  дайындаған бағдарламасын тамашалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз