Ерлік ешқашан ұмытылмайды

202
Дереккөз

Кеңес әскерінің Ауғанстан  жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай №9 мектепте  «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты ардагерлермен кездесу өтті.

Дереккөз

Мақсаты – аға буынның ерліктерін жас ұрпаққа насихаттау, майданда опат болған жауынгерлер рухына тағзым ету, ардагерлерге құрмет көрсету. Салтанатты жиында тарих пәнінің ұстазы Ажар Рахимова  Ауған соғысы тарихынан қысқаша мәліметтермен бөлісті. Мектеп оқушылары «Ортамызда жүрген жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз жастар үшін, яғни, біз үшін нағыз ерліктің  үлгісі болып қала береді, біз сіздерге қарап бой түзейміз» — деп ізгі ниеттерін білдірді. Сонымен қатар «Ауған – мәңгі өшпес із»  қойылымын қойып, концерттік бағдарлама ұсынды. Айта кетейік, Қазақстаннан Ауған соғысына 22 мыңнан астам адам қатысса, олардың 3 мың 700-ден астамы  Жетісу өңірінен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK