Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдету, сондай-ақ мемлекеттік және жеке инвестицияларды тиімді пайдалану қажеттігін баса айтты.
Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, шалғай және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі айқындалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобалардың сапасын арттыруға, оларды уақтылы және қаражаттың жұмсалуын мұқият бақылауға баса назар аударды.
Осыған байланысты 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірлеп, бекітті. Құжаттың стратегиялық міндеті – басым жобаларды айқындау, нысаналы көрсеткіштер мен инфрақұрылымның негізгі бағыттарын белгілеу.Бізде де шығыс облыстың арасын қосатын жол салу жобасы жүзеге асты. Халыққа жағдай жасалып жатқандығына қуаныштымыз. Облыста бірнеше аудандардың көлік жолдаы жасалды, мұның бәрі азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етуде.
Жанар Нурмуханова,
Талдықорған аумақтық әйелдерді қолдау орталығының басшысы