14.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 19 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 97

Панфилов шекарашылары балаларға арналған мәдени демалыс іс-шарасын ұйымдастырды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Жаркент қаласындағы «Жетісу облыстық №4 арнайы мектеп-интернат» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мәдени демалыс іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, олардың рухани дүниесін байытуға және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған бағдарламалар ұсынылды. Мұндай игі бастамалар жас өрендерге қамқорлық көрсетіп, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал...

Бауыржан Момышұлына арналған тағылымды кеш өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналған тағылымды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында даңқты батырдың өмір жолы, жауынгерлік ерлігі мен елге сіңірген еңбегі туралы мазмұнды әңгімелер айтылып, оның Отанға адалдық, тәртіп пен батылдық жөніндегі өнегесі әскери қызметшілерге үлгі ретінде насихатталды. Іс-шара жеке құрамның патриоттық рухын...

Алакөлде Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен тағылымды кездесу өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қонақтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, тәуелсіздік жолындағы күрес пен сол кезеңдегі жастардың ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті. Әскери қызметшілер ел тәуелсіздігі үшін жанын аямаған азаматтардың батырлығына тағзым жасап, патриоттық рухты нығайтты. Іс-шара жас сарбаздардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ел...

Панфилов шекарашылары «Капитан Байтасов» көркем фильмін тамашалады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы «Капитан Байтасов» атты көркем фильмді ұжым болып тамашалады. Фильм барысында Отанға адал қызмет ету, ерлік пен батырлықтың мәні көрсетіліп, әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайтуға ерекше ықпал етті. Мұндай мәдени-танымдық шаралар жеке құрамның рухани тәрбиесін арттыруға бағытталған. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алу шарасы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында жеке құраммен жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық шара өтті. Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар жеке құрамның жауапкершілігін арттыруға және қызметтік міндеттерді адал орындауға бағытталған. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономиканы әртараптандыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Өткен жылы экономикалық өсімге негізгі үлесті көлік, құрылыс және сауда салалары қосты. Өнеркәсіп өндірісінің индексі жыл қорытындысы бойынша 7,4%-ды құрады. Өңдеу секторы 6,4% деңгейінде тұрақты өсімді...

Жетісуда жыл сайын 800-дей бала оңалту орталықтарынан арнайы емдік шаралар қабылдайды

Жетісу облысында балаларды оңалту қызметімен айналысатын 9 мекеме бар, онда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 800-дей бала оңалтудан өтеді. Осындай оңалту орталықтарының бірі – атқа міну арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуды жүзеге асыратын өңірдегі әзірге жалғыз Иппотерапия орталығы, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап өтсек, Иппотерапия орталығы «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында ашылған....

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті. Мемлекет пайдасына мемлекеттік қаражатты жұмсау, мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, жерлерді ұтымды пайдалану және басқа да салаларда 470 млрд теңге көлемінде ақша қаражаты мен мүлік тәркіленді. Бас прокуратура қаржы және әділет министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік мүлікті...

Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда отандық өндіруші мәртебесін растау және мемлекеттік қолдаудың мақсаттылығын жақсартуға арналған «Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі» мемлекеттік цифрлықплатформасы іске қосылды. Жүйе қазір тәжірибелік пайдалануға берілген және e-ondiris.gov.kz веб-сайтында қолжетімді. Жаңа цифрлық жүйеге кедергісіз көшуді қамтамасыз ету үшін бұрын жарамды индустриалдық сертификаттар негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде Реестрге ауыстырылды. Барлық бизнес субъектілері ақпараттық жүйеде тіркелуге Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш бере алады. Бүгінгі күні: жүйеге2 769-дан астам компания тіркелді; 1 346өтінім қабылданды; Реестрге қазірдің өзінде машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы  кәсіпорындар кіреді, соның ішінде теміржол техникасы, автомобиль компоненттері, сорғы жабдықтары, цемент, бетон бұйымдары, керамикалық плиткалар және аяқ киім өндірушілері бар.  Бұрын Реестрге автоматты түрде қосылған өндірушілер жүйедегі ақпараттарын 30 қаңтарға дейін толтырып,  өтініштерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Бұл талапты орындамау жағдайында  кәсіпорындар Қазақстандық өндірушілер реестрінен шығарылады. Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және  мемлекеттік қолдау шараларының тек нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға бағытталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін біртіндеп толықтыру жұмыстары жалғасуда. Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі керек

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

  📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз болды.    ✔️ Жиынды аша отырып, Үкімет  басшысы орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру басым міндет болып қала беретінін атап өтті. Олжас Бектенов сараптама мен кеңестер алу үшін жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау бойынша кездесулердің маңыздылығына...