-2 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 19 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 8

Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді. ✔Президент еліміз осы маңызды қарарды қуаттағанын айта келіп, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іргетасы саналатынына назар аударды. – Жекелеген кикілжіңдердің реттелгеніне қарамастан, әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр. Адамзат өзара сенім, толеранттылық, орнықты даму үшін бейбітшілік пен ынтымақтың...

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. ✔Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. ✔Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады. ✔Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін...

Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»

Жетісу өңірінде туризм саласына ерекше назар аударылып отыр. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салада 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Сол сияқты Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме  құрылды. Бұл жайлы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Жыл...

Жетісу облысы: орталық су жүйесімен қамту 99,9%-ға жетті, газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 72% болады

Жетісу облысы құрылғанға дейін тек 5 елді мекен ғана газдандырылған болатын. Жыл соңына дейін газ құбыры тартылған елді мекендер саны 126-ға, газдандыру деңгейі 72%-ға жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды. - Ақсу, Сарқан, Алакөл...

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді. Сонымен қатар өңірдегі  республикалық маңызы бар жолдар толығымен жаңғыртылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының айтуынша, 2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық...

«Қорғас» арнайы экономикалық аймағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

«Қорғас» арнайы экономикалық аймағында 32 жобасы іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл ретте іске асырылған негізгі жобалардың ішінде KTZE – Khorgos Gateway: биыл құрғақ портты кеңейту жұмыстары аяқталды, соның нәтижесінде терминалдың өткізу қабілеті 1,5 есеге артты, яғни жылына 540 мыңнан 800 мың контейнерге дейін өткізе алады. Сол сияқты күн панельдерін өндіретін «Miami Solar», металл конструкцияларын шығаратын...

Жетісуда алдағы жылдарда қайта өңделген аграрлық өнімнің үлесі 80%-ға дейін жеткізіледі

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 49%-дан 68%-ға өсті. Жоспарымыз 80%-ға жету. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, Ақсу қант зауыты толық модернизациядан өтіп, қайта іске қосылды. Майлы дақылдарды қайта өңдейтін «Жетісу Мажико Агрокешені» (100...

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар...

Жетісуда соңғы үш жылда пайдаланылмаған 712 мың га жер қайта айналымға енгізіліп, тағы 603 мың га мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында 2022-2025 жылдары 1,3 млн. гектар тұрақты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. 712 мың га жер қайта айналымға енгізілді, 603 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына 431 мың га тартылды. Қалған 172 мың га жер келесі жылдың 1-жартысында айналымға тартылады. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі...

Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының...