10.8 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 66

Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты. Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше. «Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының...

Қазақстанның ардагерлер қауымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді. «Жаңа Конститутция жобасында әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына, науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға тікелей кепілдік берілген. Сонымен бірге, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың және қайрымдылықтың түрлі нысандарын дамытуға жәрдемдесу міндетін алып отыр, бұл егде жастағы...

Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді. Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни,...

Мұқағали Мақатаев – 95 жыл: Жетісуда ақынның сөзіне жазылған әндер байқауы өтіп, биографиялық моноспектакль ұсынылды

Жетісу облысында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзиялық кеш, тақырыптық экскурсия, дөңгелек үстел,  жергілікті ақын-жазушылармен кездесу сияқты бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде ақын өлеңдеріне жазылған әндерден «Есіңе мені алғайсың» облыстық әншілер байқауы өткізіліп, Б. Римова атындағы академиялық драма театрының «Мұқағали» моноспектаклі қойылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда өткен...

Конституциялық реформа – болашаққа жасалған стратегиялық қадам

Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірлерінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістер, жаңашылдықтар және құжаттың нормативтік бөлігіне енгізілетін түзетулер туралы ақпарат берілуде. Сонымен қатар тұрғындардан ұсыныстар мен ұсынымдар қабылдануда. ҚХП Ақсуат аудандық өкілдігінің басшысы (Абай облысы) Қайрат Қайырбаев жергілікті партия белсенділерімен «Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық тірегі» деген тақырыпта пікірталас өткізді. – Іс-шараның негізгі мақсаты Конституциялық реформаның мәні...

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың аражігін ажырату ұсынылды

  Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында «Нархоз университеті» КеАҚ профессоры Виктор Малиновский жеке тұлғаның құқықтық мәртебесіне арналған жаңа Ата заң жобасының 14-бабы бойынша пікір білдіріп, бірқатар маңызды түзетулерге назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының мәнін, мазмұны мен қолданылуын айқындауы тиіс деген ережені адам құқықтары мен бостандықтарын қамтитын 14-баптың 2-тармағында бекіту керек. «Конституцияға сәйкес, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі...

Индира Әубәкірова: адам мен азаматтың құқықтарын нақты айқындау – баршаға ортақ маңызды мәселе

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2, 3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл түзетулер жай ғана абстрактілі құқықтық ұғымдарды емес, әрбір адамның күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды дүниелерді қамтиды. «Мәселе күрделі заң терминдерінде емес, әрбір адамға қандай құқықтар туғаннан бері тиесілі, қай...

Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады

Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды. Ол Комиссияға волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде, қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және қоғамның дамуы мен қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерліктің маңыздылығын ескере отырып,...

ҚАНТТЫ КӨТЕРМЕ САТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІНЕ ТАЛДАУ БАСТАЛДЫ

ҚазақстанРеспубликасыБәсекелестіктіқорғаужәнедамытуагенттігініңЖетісуоблысы бойынша департаменті2026жылдыңбіріншіжартыжылдығындақанттыкөтермесатунарығындағыбәсекелестіктің жай-күйінталдаудыбастады. Талдау шеңберінде қантты өндіру және көтерме саудада өткізу көлемі, ішкі және сыртқы нарықтардағы баға серпіні, импорт пен реэкспорттың әсері, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ нарыққа қол жеткізу кедергілері мен бәсекелестікті шектеу тәуекелдері жан-жақты қаралатын болады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕР ҚАРАЛДЫ

ҚазақстанРеспубликасыБәсекелестіктіқорғаужәнедамытуагенттігініңЖетісуоблысы бойынша Департаментіменөңірдегікәсіпкерлікпенинвестициялықбелсенділіктідамытудытежейтінәкімшіліккедергілеранықтау мақсатында кедергілер кеңесотырысыөтті. Отырысбарысындақатысушылармемлекеттікқолдаушараларынұсынуғабайланыстымәселелерді,оныңішіндеарнайыэкономикалықаймақтардабасымқызметтүрлерініңтізбесінқалыптастырутәсілдерінжетілдіруқажеттілігінталқылады.ҚолданыстағытетіктерБизнестіңөзгеріп отыратын нарықтықжағдайларыменқажеттіліктерінескереотырып, өзектендірудіталап ететіні атап өтілді. Отырыс қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар республикалық кедергілер картасына енгізу үшін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберілді. Қатысушылардың пікірінше, аталған бастамаларды іске асыру іскерлік ахуалды жақсартуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады.