0.4 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 2 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 290

Талдықорған қаласының тұрғындары белсенділік танытуда

Таңмен таласа №389 дауыс беру учаскесіне қала тұрғыны Көгебай Базарбаев келіп, өз таңдауын жасады. Энергетика саласында саналы ғұмырын сарп еткен зейнеткер: – Мен өз таңдауымды жасадым. Жұртшылықты Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын, – дейді. Дауыс беру учаскесіне келіп жатқан жұрттың қарасы қалың. Бұл учаскеде 2464 қала тұрғыны дауыс береді. Учаскеге келіп ең бірінші Қызайгүл Ермекбаева есімді ақжаулықты әжей дауыс беріп,...

Журналист Әміре Әрін дауыс берді

Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы Әміре Әрін референдумда Талдықорған қаласының 397-ші сайлау учаскесіне барып дауыс берді. “Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел азаматтарына алғыс айтып, әр істеріне береке тілеймін. Ең бастысы заман тыныш болсын. Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз елімнің жас ұрпағы көрмесін....

ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. «Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз....

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты. – Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді...

Талдықорғанда Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова өз таңдауын жасады

Бүгін мәдениет саласының майталманы, Қазақстанның Халық, «Құрмет» орденінің иегері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы № 420 дауыс беру учаскесіне келіп, дауыс берді. Алмахан Нұрпейісқызы өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған жолдасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актеры Кендебай Темірбайұлымен бірге өз таңдауларын жасады. «Аса жауапты науқанға қатысып, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым. Әрине бүгінгі...

Бейбіт Исабаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді, - деп, хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. - Бүгін тарихи маңызы бар күн. Өйткені егеменді тарихымызда халық, көпшілік қоғам бірінші рет өз елінің экономикалық, энергетикалық болашағы үшін өз таңдауын жасайды. Конситуцияға сәйкес мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің...

Болашағымыз үшін қажетті нысан

Талдықорған қаласындағы  №395 референдум учаскесіне  2263 адам тіркелген, дауыс берушілер белсенді қатысуда. Ләззат Асылбекова,Талдықорған қаласының тұрғыны, дауыс беруші: -Мен осы учаскеге тіркелгенмін. Ақпарат көздерінен, теледидардан АЭС туралы естіп, білдім. Қарсы емеспін, қолдаймын. Қазақстанның болашағы үшін өте керек нысан деп есептеймін. Жетік дамыған елдерде бар екен. Дегенмен де салу барысында, кейін іске қосылған кезеңде де қауіпсіздік жағынан өте жоғары талап...

Келешек ұрпақ үшін аса қажет

Өтенай ауылдық округінде орналасқан №437  дауыс беру учаскесінде алғашқылардың бірі болып, өз таңдауын жасағандар қатарында Мағзұм Ахметқалиев бар. Ол «Бұл ең әуелі болашақ ұрпағымыз үшін қажет дүние. Қуат күші мол болады. Сондықтан дұрыс шешім қабылдау аса маңызды. Өзінің тұрмысы, өмір сүру сапасы, экономикалық дамуы, экологиялық ортаның қауіпсіздігі мен келешек ұрпақтың болашағына жаны ашитын әр азамат тарихи науқаннан қалыс қалмай, сайлауға...

АЭС — халық игілігі үшін

Талдықорған қаласындағы №9 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында  орналасқан №404  референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып таңдау жасаған қаламыздың ақсақалы Нәфиық Қожабеков пен жары Тыныштық Қожабековаға референдум учаскесінің төрайымы Қарлығаш Замзина  арнайы сыйлықтар табыстады. Ақсақалдар «Қазақстанның келешегі үшін АЭС салу халықтың игілігіне жұмыс істесін,жастарымыздың болашағы зор,ел іргесі аман болсын,халқымыз өркениетті,дамыған елде өмір сүрсін!»,-деген тілектерін жеткізді.–Бүгінгі жалпыхалықтық референдум 404 референдум учаскесінде таңғы...

Ең алғашқылардың бірі болып Ескелді ауданының «Құрметті азаматы» Тастанбаев Қалабек өз таңдауын жасады

«Жылдағы дәстүр бойынша биыл да алғашқы дауыс беруші болып тіркелдім. Бүгінгі науқанның маңызы зор. Мен өз таңдауымды жасадым»,- деді ауданның құрметті азаматы Қ.Тастанбаев. Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 сайлау учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің азаматтық парызымды орындап, жарқын болашаққа дауыс бердім. Барлық азаматтарды...