23 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 4 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 289

Алматы индустриалды аймағында 417 миллиард теңгеге 67 жаңа жоба жүзеге асырылуда

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінге дейін жалпы құны 138,2 млрд теңгені құрайтын 41 жоба сәтті жүзеге асырылған Алматының Индустриалды аймағында болды. Бұл жобалар 4 700-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жалпы құны 416,9 млрд теңгені құрайтын тағы 67 инвестициялық жоба белсенді сатыда, бұл 10 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сапар барысында Министр...

Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқаптарын әртараптандыруға бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Биыл алғаш рет әртараптандыру шаралары шамамен 1 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қамтиды. Бағдарлама ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие, табысты дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға бағытталған. Негізгі мақсат — ауыл шаруашылығы секторының бір ғана дақылға, ең алдымен дәнді дақылдарға тәуелділігін...

ШҚО мемлекеттік орман қорын дамытудағы шаралар

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың еліміздің шығыс өңіріне жұмыс сапарының екінші күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Шемонаиха аудандарының орман қоры аумақтарын ұшып өтуден басталды. Е.Нысанбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында орманды қалпына келтіру жұмыстарымен, орман мекемелерінің қызметімен және Верх-Уба орманшылығының орман питомниктерінің бірінде отырғызу материалдарын дайындаумен танысты. Әрі қарай, Министр «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не техниканы, арнайы жабдықты тексеру,...

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 225 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 225,8 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 172,9 мың оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың – жеке көмекшінің, 20,8 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және...

Отандық тауар өндірушілерге табиғи монополия субъектілерін сатып алуда басымдық беріледі

Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қызметі ережелеріне маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық отандық өндірушіні қолдау мен оның тауар жеткізуге арналған конкурсқа қатысуына қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 15 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрықпен бекітілген табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына отандық тауар өндірушілеріне...

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жасанды интеллект негізіндегі цифрлық заң кеңесшісін іске қосады

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жасанды интеллект негізіндегі заң консультанты – жаңа цифрлық сервистің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бірінші кезеңде заманауи жасанды интеллект технологияларына негізделген «Әділет» заң кеңесшісінің пилоттық нұсқасы жүзеге асырылды. Қазір аталған өнім сынақтан өтуде. Консультанттың негізгі міндеті – нормативтік құқықтық актілерді талдау және азаматтарға жедел және қолжетімді заң көмегін көрсету. Құрал пайдаланушыларға интерактивті...

Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда демалуға арналған үздік 5 орын

Жазғы демалыс маусымы жақындаған сайын туристер табиғатты, мәдениетті, жайлы инфрақұрылымды біріктіретін бағыттарды іздей бастайды. Қазақстанда жазғы туризмді дамыту үшін түрлі мүмкіндік бар. Назарларыңызға елдің экотуризм және танымдық бағыттар әлеуетін ашатын ТОП-5 бағытты ұсынамыз. ✅1. Катонқарағай, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық паркі — Қазақстанда Green Destinations халықаралық тізіміне енген алғашқы аумақ. Өңір көркем табиғатымен, биік тауларымен, көлдерімен, емдік бұлақтарымен танымал. Туристер Язевое...

«My Freighter» (Centrum Air) өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру жұмысы жалғасуда. Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс...

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔵Алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр. Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары Системалық оператор бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр. 🔵2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта...

Алматыда базарларды жаңғырту шараларының барысы талқыланды

2 мамыр күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, базарларды жаңғырту мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында базарларды жаңғырту кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Тараптар базарларды жаңғырту барысында туындайтын кеделгілер мен оларды жүйелі шешу жолдарына баса назар аударды. Министр Алматы қаласы  ішкі саудадағы негізгі орталық екенін ерекше атап өтті. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы...