Талдықорғанда қаржыгерлерге құрмет көрсетілді
Елімізде 1993 жылы 15 қарашадан бастап айналымға ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы күннен бастап еліміз өзінің төл теңгесіне, ұлттық валютасына ие болды. Бұл ұлттық валютамыз тәуелсіз еліміздің негізгі айғағы ретінде экономикалық егемендікті қамтамасыз етті. Ақша-кредиттеу саясатын жүргізуге және жаңа реформаларды кеңінен дамытуға ықпалын тигізді. Ал, 1997 жылы 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып...
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері туралы зерттеу болады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің ел халқына әсері туралы зерттеуге қатысты түсінік берді.
Оның айтуынша, осы мәселеге қатысты алдағы уақытта зерттеу ұйымдастырылады. Бұл тұрғыда жетекші институттарды, соның ішінде география институтын, сондай-ақ зерттеудің физиологиялық және медициналық аспектілерімен айналысатын Денсаулық сақтау министрлігінің институттарын тарту жоспарланған.
«Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жақын арада өзінің отырысын өткізеді және оның барысында осы тақырып...
Олжас Бектенов Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Саланы дамыту Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға, технологиялар мен капитал тартуға, сондай-ақ экономиканың жаңа секторларындағы жеткізу тізбегіне қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы ...
Қазақстан «Серпін» бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте «Серпін» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.
Әлеуметтік жобаның мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарды оқытып, кадр жетіспеушілігі байқалып отырған Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына жұмысқа орналастыруға бағытталған.
Облыс әкімдерінің орынбасарлары жоба аясында атқарылып жатқан шаралар туралы айта келе, шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Вице-премьер бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мәселе жауаптылардың нақты,...
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап 216 «СЕРГЕК» автоматты бекіту жүйесінің камералары орнатылды. «КРИС-П» 8 фото-радар кешендері сертификаттаудан және әкімшілік деректер базасымен интеграциялаудан өткізіліп, олар да қызметте жылдамдықты асырылуы мүмкін жерлерде қолданылуда. Сондай-ақ, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде бірқатар балалар макеті орнатылды. Бұл жөнінде Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының...
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясына арнап мурал салынды
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы тақырыбында мурал пайда болды. Аталған экологиялық бағдарламаның аясында облыста сенбілік шараларымен қатар осындай насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді.
Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында № 33 үйдің қабырғасында жуырда «Таза Қазақстан» акциясын бейнелейтін мурал салынды.
- Талдықорған қаласында бүгінгі күні тұлғатану, туризм, экология т.б. тақырыптарда 14 мурал бар. Соның біреуі «Таза Қазақстан» акциясына арналып...
Биыл су тасқынына дайындық барысында Жетісу облысында 5,6 шақырым өзен жағалаулары нығайтылды
Жетісу облысында су тасқынына қарсы іс шаралар белсенді жүргізілуде. Осы орайда биылғы қыркүйек айында Панфилов ауданы Бұрақожыр өзенінің жағалауын нығайтылса, тағы бір учаске - Текелі қаласындағы Қора және Қаратал өзендерінің жағалауларын нықтау жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр.
Текелі қаласы – таулы аймақ. Сондықтан, төтенше жағдайлар саласы мамандарының айтуынша, Текелінің су тасқынына қатысты қауіптілігі жоғары саналады. Қаланың ішімен үш өзен -...
«Жыл волонтері» облыстық сыйлығына өтінімдер қабылдануда
5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай үздік волонтерлерді марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа таныстыру мақсатында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда. Бұл байқау — өз қоғамына көмек көрсетуді мақсат еткен жандарды тану және қолдау мүмкіндігі. Осы орайда толық мәліметтермен Қоғамдық даму басқармасының бас маманы Жанерке Бексеитова мен «Мейірімді Жетісу» облыстық волонтерлер...
Жас сарбаздар Ант қабылдады
2024 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті.
Ауқымды шараға жергілікті құзырлы органдардың басшылары,сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары қатысты.
Бес жүзге жуық сарбаз Отан алдында Ант кабылдағанан кейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне...
Үйгентастық шекарашылар қырағы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Үйгентас»шекара бөлімшесі шекара шебін қырағы күзетіп жүрген әскери ұжым.
Капитан Ілияс Құмаров басшылық жасайтын шекара сақшылары жауынгерлік қызметте алда келеді. Шекара шебінің тәртібін бұзған азаматтық тұлғалар дер кезінде анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Табиғаты жағынан күрделі де қиын таулы аймақты күзететін шекарашылар анттарына берік. Жылдың төрт маусымы мен тәуліктің...





























