17.9 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 10 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 269

Жетісу облысында полицей түтін басқан үйге кіріп, үш баланы құтқарып қалды

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Талдықорған қаласында ерлік пен жанқиярлықтың айғағына айналған оқиға болды. Полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта, Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның даусын естиді. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін пайда болып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған. Ойланбастан Мирас Даутов газ қызметкерімен...

2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнестің жеңілдікпен қаржы алуын кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы екі жаңа қолдау құралын іске қосты. Олар кез-келген ауқымдағы компанияға, мейлі ол кіші болсын, мейлі ірі болсын, кепіл жеткіліксіз болған күнде де қаржы алуға мүмкіндік береді. Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым мен экспортты қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын...

ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні қарсанында ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД  басшылығымен Риддер қаласы маңында орналасқан Иванов жотасындағы теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» тау шыңына патриоттық мақсатта көтерілді.     «Бұл тау шыңына көтерілу – альпинистік дайындықтың негізгі бөлігі әрі қиын жағдайларда қозғалу дағдыларын жетілдірудің жолы. Жас құтқарушылар биіктікте зардап шеккендерді тасымалдау әдістерін, заманауи жабдықтарды қолдануды үйренеді», -...

Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Атап айтқанда, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды. Ал Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады. Жалпы алғанда Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалына қарасты су қоймалары 328 млн текше метр тасқын су жинады. Қазіргі уақытта филиал суару маусымына дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен су алуға өтінімдер жиналып, су беру туралы келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар каналдарды тазалау, су есептегіш...

Қауіпсіз саяхат: сенімді туроператорлар мен турагенттерді қалай таңдауға болады?

✅Еліміздегі мемлекеттік электронды реестрдің дерегіне сәйкес, «Е-лицензиялау» порталында 11 914 турагент пен 634 туроператор тіркелген. ✅ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының реестрі орналастырылған. ✅Саяхатшы туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттің қызметі туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжатты талап етуге құқылы. ✅Тұтынушыларды қорғаудың негізгі құралының бірі – туристік код....

БАЯНАУЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫН ДӘРІГЕРЛЕР МИ ТАМЫРЫНЫҢ ЖАРЫЛУЫНАН САҚТАП ҚАЛДЫ

Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны таңертең өзін нашар сезініп, қатты басы ауырып, құсу және есінен тану белгілері байқалған. Туыстары дереу жедел жәрдем шақырды. Шақыртылған жедел медициналық көмек бригадасы оның қан қысымының тым жоғары екенін анықтады. Пациент жағдайының ауырлығына байланысты ол санитариялық авиация арқылы шұғыл түрде Кардиоорталықтың қабылдау бөліміне жеткізілді. Ауруханада мидың КТ жүргізіліп, субарахноидалді қан құйылғаны және мидың...

Жетісу облысында Отан қорғаушыларды құттықтады

Жетісу облысында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Осы жиында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттің қатысуымен өткен бас әскери шерудің тікелей эфирін жетісулықтар Талдықорғанның орталық алаңында LED экран арқылы тамашалады. Сол сияқты облыс күні 30 жас сарбазды салтанатты жағдайда әскер қатарына шығарып салды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шараларға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, тыл еңбеккерлері, ҚР...

Батырларды еске алу: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысының каhармандарын құрметтеді

Жеңіс күніне орай Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ештеңе ұмытылмас, ешкім де ұмыт қалмас» атты әсерлі іс-шара өткізді. Оқушылар Мәңгілік алау мен мемориалдық обелисктерге гүл шоқтарын қойды, осылайша біздің болашағымыз үшін өз өмірін қиған батырларға құрмет көрсетті. Бұл іс-шара өскелең ұрпақ үшін жердегі бейбітшіліктің құндылығы мен бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескен сарбаздардың батырлығы туралы маңызды ескерту болды. Әр отбасында...

«Ұрпаққа ұран болған  Ұлы Жеңіс» кітабының тұсауы кесілді

Жетісу облысы әкімі Бейібіт Исабаев  мереке қарсаңында  тыл ардагерлері және құқық қорғау, әскери органдардың қызметкерлерімен Салтанат сарайында жүздесті.  Биыл  Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы  қатар тойлануда. Осы екі маңызды мерекенің қатар атап өтілуінің өзіндік мәні бар. Бұл ұрпақтар сабақтастығының үзілмей, даңқты жауынгерлік дәстүрдің жалғасып келе жатқанын айғақтайды.  Айтар болсақ, Жетісу өңірінен майданға аттанған 120 мыңнан астам жауынгер...

Біз есірткіге қарсымыз!

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Талдықорған қаласында Есірткі қылмысына қарсы профилактика жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Е.Е. Ақболатовтың бастауымен кеңес мүшелері және Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып «Біз есірткіге қарсымыз!» атты акциясын ұйымдастырды. Акция барысында Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында есірткіге қарсы имунитетті қалыптастыру мақсатында күнделікті қолданыстағы мобилді ұялы телофондар үшін арнайы стикерлер...