-9.8 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 14 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 256

ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

​«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бері ақпарат алу үшін 100 миллионға жуық сұраныс өңделді. Платформа күннен-күнге қазақстандықтар үшін қолайлы әрі танымал болып келеді. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтама сұраныс мөлшері бойынша көш басында – одан 44 миллион берілді. Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді біріктіру арқылы...

ҚР дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтері

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация — инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға, зиянкестерді жоюға және адамның қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды санитарлық шаралар. Қазақстанда бұл процестер санитарлық әл-ауқатты қамтамасыз етуде ерекше орын алады, әсіресе денсаулық сақтау саласында, мұнда инфекциялық аурулар халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Дезинфекция: Бұл патогенді микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) әртүрлі беттерде, ауада және медициналық жабдықтарда жою...

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

Су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақтауға мүмкіндік берді. Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады. Бұл...

Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді. Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды. Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті...

2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен 36, 4 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді

Үкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге 100 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді. Биылғы төтенше жағдай жарияланған су...

Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.  Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.  Балабақша...

Жетісу облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  сыбайлас жемқорлықпен күресудің алдын алу және бірінші кезектегі міндеттер қатарына көтерілді. Осыған орай, 2022 жылдан бастап облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің жұмысы халық үшін ерекше мән берілетін салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және бюджетке залал келтірмеуге бағытталған. Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жүргізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің...

Жетісу облысында Президенттік Жаңа жыл шыршасына 200 бала қатысты

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді. Мерекелік шара флешмоб биімен...

Коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен экономикалық тиімділік —  басты назарда

Жыл басынан Жетісу облысы бойынша Табиғи  монополияларды реттеу департаментіне тарифтерді өзгертуге 69 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім түрлі себептермен қайтарылды. Сонымен қатар 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде «ТАТЭК» бойынша 1 өтінім қаралды. Тарифтердің өсуіне байланысты осал топтарды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегі механизмдері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, электр...

Көлік логистикасын дамыту — болашаққа жол ашу

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған биылғы Жолаудауында инфркақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді тапсырған болатын. Осы орайда Жетісу облысында құны бірнеше миллиардтаған жобаларды жүзеге асыру ісі қолға алынып, қарқынды жүргізілуде. Қуатты жобалардың қатарында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Қазақстан-Германия бірлескен жүк және жолаушылар әуежайын салу, «Достық» станциясындағы қуаттылығы жылына 350 мың контейнерді тасымалдауға арналған «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды терминалын ,...