Өнегелі өмір – өшпес із

55

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ардагерлерге құрмет көрсету дәстүрі лайықты жалғасын табуда.
Басқарма бастығы полковник Берік Бұзаушиевтің бастамасымен, шекара басқармасының ардагері, ұзақ жылдар бойы әскери салада табанды еңбек еткен аға прапорщик Георгий Полусмаков 90 жасқа толуымен салтанатты түрде құттықтады.
Қызметтік борышын адал атқарып, жас буынға өнеге болған Георгий Полусмаков 1987 жылы инженерлік бөлімшелер қатарында қызмет атқарып жүрген кезінде зейнетке шыққан болатын. Ол өмірінің 37 жылын әскери қызметке, ал жалпы 51 жылын елге қызмет етуге арнаған тәжірибелі маман, абзал азамат.
Құрмет көрсету барысында шекара басқармасының басшылығы мен жеке құрамы ардагерді жылы лебіздерімен құттықтап, оның сіңірген еңбегіне алғыстарын білдірді. Георгий Полусмаков өз кезегінде жастық шағынан бастап шекара шебінде атқарған қызмет жолдарын еске алып, жас сарбаздарға Отанға адал болудың мән-маңызын айтып, тағылымды кеңестерін жеткізді.
Бұл – жас буынға үлгі, шекарашы мәртебесінің маңыздылығын ұғындыратын тағылымды кездесу болды. Ардагерге шын жүректен зор денсаулық, отбасына амандық, мерейлі ғұмыр тілей отырып, шекара қызметінің тарихында есімі құрметпен аталатын азамат екені ерекше атап өтілді.

                                  ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз