Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры
Әлемдік тенденцияға назар аударсақ «тілді» көбіне тек қатынас құралы ретінде ғана қабылдап жататындығын аңғарамыз. Әрине, адам мен адам байланысының негізі де – тіл. Алайда, бұл бергі көрініс ғана екендігін айта кеткен жөн.
Тіл – ұлттық болмыстың ұстыны, тарих қалаушысы, елдің бар ерекшеліктерінің жиынтығы деуге толықтай негіз бар.
Көненің көзі, тарихтың өзі болып отырған ана тіліміздің тұғырын тік, туын нық ұстау жолында...
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
➡️ Ол Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелер жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.
🔘 Министрлікке қарасты 10 білім ордасында бүгінде 10 мыңнан астам шәкірт білім алуда. Аталған ұйымдарда...
Полиомиелит: себептері, белгілері және емі
Полиомиелит – өте жұқпалы вирустық ауру. Полиомиелит вирусы адамның жүйке жүйесіне әсер етеді және бірнеше сағат ішінде толық сал ауруын тудыруы мүмкін. Вирус адамнан адамға көбінесе лас қолмен, сирек жағдайда ластанған су, тамақ арқылы беріледі, вирус ішекте көбейеді.
Алғашқы белгілері: қызба, шаршау, бас ауруы, құсу, мойынның қатаюы, аяқ-қолдың ауырсынуы. Вирус жұқтырған 200 адамның 1-і қайтымсыз сал ауруына ұшырайды. Ауру 5-10%...
Қазақстанда 2029 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысында демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
⚡️ Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін атап өтті. Бұл құжатта 7 бағыт бойынша 29 іс-шара қарастырылған.
🛫 Ішкі туризмді насихаттау мақсатында балалар авиабилеттерін субсидиялау...
Қазақстанда «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өткізіліп жатқан іс-шара аясында құқық қорғау органдары оқу орындары мен балалардың жаппай демалатын орындарының маңында бақылау мен қауіпсіздікті күшейткенін хабарлады. Сонымен қатар, мектептер мен ойын алаңдарына патрульдік маршруттар орналастырылды, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстардағы қадағалау күшейтілді, сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушыларды қауіпсіз тасымалдау ережелерінің сақталуын тексеруде.
🚦 Рейдтер барысында инфрақұрылымның кемшіліктері анықталды: Ұлытау, Жетісу,...
Еліміздегі балалар демалыс орындарында санитариялық бақылау күшейтілді
Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның жазғы кезеңде балалар демалыс орындарының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық сүйемелдеу бөлігіндегі жұмысы туралы баяндады. Маусым басталғанға дейін әрбір лагерь, шатырларды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (СЭҚ) алуға міндетті.
🔘 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы демалыс орындарының 19%-ы дайындықты уақытында аяқтаған жоқ және балаларды қабылдай алмады.
⏩ Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін...
Жазғы демалыс кезінде балалар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылады
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысында жазғы каникул кезеңінде балаларға арналған спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
⚽️ Ол жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдерге арналған Президент тесттері, «Kapshagai kids Trophy» республикалық футбол турнирі өткізілетінін хабарлады.
Сондай-ақ ауыл мектептері арасында «Ауыл спорты» кешенді жарыстары, ауыл балалары арасында футболдан «Halyk OPEN CUP» республикалық турнирі өтеді.
⚡️ Балалардың...
Жазғы демалыс және бос уақыт: 2025 жылы 3,2 млн оқушы бағдарламалармен қамтылады
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады.
«Еліміздің 10 мыңнан аса демалыс орнында 3,2 млн бала жазғы каникулын өткізеді. Оның 15 мыңнан астамы – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 186 мың бала – қала маңындағы, 2,8 млн бала – мектеп жанындағы, 160 мың бала – шатырлы...
Қазақстанда 2024-2025 оқу жылы аяқталуда: 3,9 млн-нан астам оқушының нәтижесі көрінеді
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және осыған байланысты еліміз бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
«Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала бітіреді. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. “Алтын белгіге” үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-дан аспайды»,
— деді министр.
⏩ Оның айтуынша, оқу жылын...
Қазақстандық ғалым метрология саласында бұған дейін болмаған жетістікке қол жеткізді
Елімізде алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде маңызды болып саналатын шық/қырау нүктесінің температурасын өз бетімізше жаңғыртатын технология жасалды.
Оны әзірлеген — 27 жастағы жас ғалым, «ҚазСтандарт» қызметкері Асылбек Жұмағали. Оның жасаған насытқыш құрылғысы елге жыл сайын шетелге калибрлеуге тәуелді болмауға мүмкіндік беріп, ғылымда үлкен серпіліс әкелмек.
Жаңа құрылғы 2024 жылы патенттелді (Патент №9626), ал зерттеу нәтижелері халықаралық Metrology журналында жарияланды.
Қазақстан бұл жетістік...





























