-9.8 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 15 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 255

Талдықорғанда алдағы жылдары бірнеше медицина нысаны салынады

Талдықорған қаласында алдағы жылы медициналық қызмет сапасының қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін бірқатар денсаулық сақтау нысаны іске қосылады. Атап айтқанда, 200 орынды онкологиялық диспансердің құрылысы басталады. Сол сияқты Оңтүстік-Батыс ауданда салынып бітпеген ғимарат бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхана ретінде қайта жаңғыртылады. Ал Өтенай ауылында 100 адамдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, келесі жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорған...

Жетісуда ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетіліп, марапаттар берілді. Үздіктерге Трактор техникасы және ақшалай сыйлықтар табысталды. Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты жиын барысында фойеге ауыл шаруашылығы көрмесі қойылып, әр аудан-қаланың жетістіктері паш етілді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев алдымен аталған көрмені аралап көрді. Мұнан соң жиында құттықтау сөз сөйлеп, атаулы мереке қарсаңында Мемлекет басшысының...

Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 64%-ға жетті

Жыл қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері, күрес залдары, стадион сияқты жалпы 18 нысан іске қосылып, 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса жақында инвестордың қаржысына Үстел теннисі орталығы ашылды. Соның нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып, халықты спорттық...

Үкімет отырысы : жаңа Цифрлық технология мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық өмірдің барлық саласына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады. Цифрлық үкімет кеңсесінде Премьер-министрге отандық цифрлық шешімдерді іске асыру барысы көрсетілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Әлеуметтік әмиян», «ОТӨ...

Ақтаудағы ұшақ апаты: Президент тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды

Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 69 адам болған, оның 5-еуі – экипаж мүшесі. Оның ішінде 42 Әзірбайжан азаматы, 6 Қазақстан азаматы, 3 Қырғызстан...

Қауіпсіз пиротехниканы таңдау бойынша ұсыныстар

Жаңа жыл қарсаңында көптеген адамдар отшашулар алады. Бүгін біз пиротехникалық өнімдерді қалай дұрыс таңдау керектігін талқылаймыз. Сонымен, пиротехниканы қайдан сатып алған дұрыс? Ең алдымен, рұқсат етілмеген сауда орындарында пиротехниканы қолмен сатып алмаңыз! Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды бөлшек сауда тек дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүргізілуі тиіс, олар өнімнің сақталуын қамтамасыз етеді, оған тікелей күн сәулесі мен атмосфералық...

Дәмді сыйлықтарды қалай таңдауға болады?

Жаңа жыл – барлығы асыға күтетін мереке. Ең танымал жаңа жылдық сыйлықтардың бірі-тәттілер. Кондитерлік өнімдердің ассортименті үлкен. Біз оларды таңдау бойынша бірнеше кеңестер береміз. 1) Алдымен сыйлықты сатып алу орны туралы шешім қабылдау керек. Ірі сауда желілері мен мамандандырылған дүкендерге назар аударған дұрыс. Себебі, ірі сауда нүктелерінде сапасыз тауарды сатып алу қаупі рұқсат етілмеген сауда орындарында науадан сатып алуға қарағанда...

ҰСТАЛҒАН ВАЛЮТА ТӘРКІЛЕНЕДІ НЕМЕСЕ ОСЫ БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР ТУРАЛЫ

Кеден органдарының негізгі міндеттерінің қатарына жеке тұлғалардың, кіші және орта бизнес өкілдерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардыңкедендік  шекарадан валюта алып өтуіне кедендік бақылау жасау тәртібі де кіреді. Осы орайда айтар ойымыздың негізі түсінікті болу үшін әңгімені «жеке тұлға» деген сөзге түсінік беруден бастағанымыз жөн болар. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12 бабында көрсетілгеніндей, жеке тұлғалардың қатарына Қазақстан республикасы мен басқа...

Жалпыға бірдей декларациялау 2025: Қалай дұрыс дайындалу керек?

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға келесі санаттар міндеттелетінін хабарлайды: 🔹 шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері; 🔹 сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар; 🔹 банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар; 🔹 жеке практикамен айналысатын тұлғалар; 🔹 декларацияны ерікті түрде...

Қайтарылған актив есебінен салынған мектеп

  Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында көптен күткен №30 мектептің есігі  өткен оқу жылында ашылды. Бұл білім ордасы жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған. 1200 балаға шақталған шаңырақ барлық талапқа сай, тіпті оқушының жеке шығармашылығымен айналысуына жағдай жасалған. Сан түрлі үйірме, спорттық секция маңайдағы ауыл балаларының қуанышын еселеді. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Мектепте 50 орынды оқу залымен кітапхана, спорт...