Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді
Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 11 ұлттық ЖОО бар, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48.
⚡️ Білім алушылар құрамы 642,5 мыңнан астам адамды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6...
Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды
Қазақстанда конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді.
✔️ Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды.
⚡️ Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда. Қ. Сәтбаев атындағы...
Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды
Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге).
⚡️ Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%).
✔️ Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген...
QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді
ЖОО-дары 245-ке жуық бірлескен білім беру және қос дипломдық бағдарламаларды іске асыруда.
📎 Times Higher Education рейтингіне қазақстандық 29 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 4 жоғары оқу орны тізімнен орын алды.
✔️ Жыл сайын дәріс оқытуға 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөлінеді. Тізілімге 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы енгізілді, оның 57%-ы жаңартылды.
✔️ Цифрлық университеттердің моделі жасалды. 2023 жылдан бастап...
Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар негізгі бағыт бойынша жұмысын едәуір күшейтті.
ІІМ мен ТЖ жүйесін реформалау шеңберінде нормативтік құжаттарда және заңнамадағы өзгерістерде көрсетілген жұмыстың жаңа әдістері енгізілді.
Тұрмыстық...
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыстарға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Олардың қатарында форумдар, кеңестер, отырыстар секілді түрлі форматта өткен...
Балабақшаларды қаржыландыру тәртібі өзгереді
Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды яғни балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгермек. Жаңа өзгеріске сәйкес, ата-аналар балаға балабақшаны өзі таңдайды. Мемлекет баланың білім алуына қажетті қаржыны мектепке дейінгі ұйымға емес, балаға таңдалған мекемеге бөледі. Бұл тәсіл жеке меншіктегі және мемлекеттік балабақшалар арасындағы бәсекелестікті арттыруға жол ашады. Нәтижесінде балабақшалар мүмкіндігінше...
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері
Елімізде 375 мың оқушы орнына арналған 254 мектептің құрылысы аяқталды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп.
Бұрын-соңды болмаған мектеп салу шаралары үш ауысыммен байланысты проблемаларды айтарлықтай қысқартты. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар 254 орта оқу орны...
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер
Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды.
Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен...




























