23.8 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 237

Француздық Аssystem компаниясы Қазақстан үшін АЭС салуға халықаралық консорциум көшбасшысын таңдау әдістемесін әзірледі

Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды. Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде...

«Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдікпен несиелендірілетін жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген несиелеу үшін басымдық берілетін экономиканың салалары – өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау. Жеңілдікті кредиттеудің жаңа бағдарламасы бойынша түпкі қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% -дан аспайды. Бағдарлама...

"Жетісу жастары" жастар ресурстық орталығы "Шаған тау марафоны — 2025" тау жарысына тіркеу басталғанын хабарлайды

Құрметті Жетісулықтар! Сіздерді 22 маусымда сағат 7:00-де Көксу ауданы, Ақтекше ауылында өтетін «Шаған Тау марафоны - 2025» тау жарысына қатысуға шақырамыз. 18-50 жас аралығындағы қатысушыларға: 13 км қашықтық: Бірінші орын - 150 000 тгЕкінші орын - 100 000 тгҮшінші орын - 50 000 тг 6 км қашықтық (ерлер):Барлық жас санаттары бойынша:Бірінші орын - 100 000 тгЕкінші орын - 70 000 тгҮшінші орын - 50...

ҚҰРМЕТТІ ӨТЕНАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау,                 сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 3-тарауына сәйкес, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтетіндігі жөнінде хабарлаймыз. Жиында Өтенай ауылдық округіне қарасты Жастар...

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Бүгін облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады. Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт...

Жетісу облысында жас жол инспекторларының облыстық слеті өтті

Талдықорғанда Жетісу облысы полиция департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жас жол инспекторларының облыстық слеті өтті. Бұл шара – балалардың жол қозғалысы ережелерін меңгеріп, қауіпсіздік мәдениетін бойға сіңіруіне бағытталған маңызды бастама. Слет барысында қатысушылар тоғыз түрлі кезең бойынша өз білімдері мен дағдыларын сынға салды. Атап айтқанда:«Жол жүрісі қағидаларын білгірлері», «Үгіт-насихат», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Автоқалашықта қозғалу», «Жас реттеуші», «Білгірлер турнирі», «Жас санитар»,...

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ…

Сарқан ауданының Қойлық ауылында осыдан 14 жыл бұрын бір мезгілде екі маңызды нысан – көлік жөндеу орталығы мен наубайхана іске қосылған болатын. Бұл ауыл тұрғындары үшін тиімді әрі қажетті қызмет түрлерін ұсынуға жол ашты. Содан бері Өскемен–Алматы автожолы бойындағы елді мекендегі көлік жөндеу орталығы түрлі маркалы автокөліктерге қызмет көрсетіп келеді. Мұнда қозғалтқыш жөндеу, дөңгелек ауыстыру, техникалық қызмет көрсету секілді жұмыстар...

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік жәнебайланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті. ✅Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының...

Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қабылдауға 3 адам жазылды. Олар тұрғын үймен қамту және әлеуметтік көмек мәселелерін көтерді. Талдықорған қаласының тұрғыны, былтыр тұрғын үйге кезегіне тұрған Маймуна Садрееваның мүддесін білдіруші Ақжанбы Егізоваға заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй кезек тәртібімен ғана берілетіні түсіндірілді. Қабылдауға келген азаматтар - тұрғын...

Талдықорғанда көпбалалы аналар құрметке ие болды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:«Біз аналар мен балалардың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Сол арқылы өркениетті, дамыған елдің берік тұғырын қалыптастырамыз», – деген болатын. Облыс орталығында 200 мыңнан астам тұрғын болса, соның 6 мыңы көпбалалы ана. Талдықорғанда жыл сайын жүздеген анаға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" төсбелгілерін салтанатты түрде тапсырылып келеді. ҚР Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №862 Жарлығымен...