«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.
«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», –...
Талдықорғанда 30 отбасы баспаналы болды
Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 30 отбасы жаңа үйлі болды. Талдықорған қаласындағы «Жастар - 3» жаңа тұрғын ауданынан берілген үйлердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында кезектегі 102 отбасы жаңа баспанаға кірді. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығының, «Жастар-3» тұрғын алабында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен көп балалы отбасылар үйлі...
Қосылған құн салығынан босатылған импорттық шикізат және материалдар тізімі кеңейтілді
Жаңартылған тізімге 145 шикізат пен материал түрі кіреді. «Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және материалдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына толықтырулар енгізілді.
Тізімге қосымша енгізілді:
— марганец кендері мен концентраттары, оның ішінде безді марганец кендері және құрғақ өнімге есептегенде массасының 20% немесе одан да көп марганец бар концентраттар;
— бейметалдардың...
Талдықорғандық кәсіпкер спорттық киім тігіп жеке брендін дамытуда
Талдықорған қаласында жеке кәсіп ашып, ісін сәтті дамытып жүрген кәсіпкерлер саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде талды қаламызда 18 мыңнан аса шағын және орта бизнес нысандары бар. Олардың қатарында кәсіпкерлік саласында жоғары жетістікке жетіп жүргендер көп.
Солардың бірі - «Жанар» брендімен спорттық киімдер тігіп, өз ісін өркендетіп жүрген Жанар Доспанбетова. Ол 30 жылдан аса уақыт ине-жібін серік еткен шебердің бірі.
Ісмердің сөзінше,...
«Көктал» тұрғын үй алабының 37 көшесін жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады
Талдықорған қаласында «Көктал» тұрғын алабының 37 көшесін күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылы толық аяқталмақ. Еркін ауылдық округіне қарасты «Көктал» тұрғын алабы халқының сұранысы негізінде Талдықорған қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша 2024 жылы жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Жоспар бойынша 37 көшені жөндеу үшін жалпы 3,3 млрд теңге қаражат бөлініп, жалпы ұзындығы 22,6 шақырым көше ретке келтірілмек. Биылғы жылы 7,6 шақырымды құрайтын 8...
Қалалық шахмат жарысы NIS — те өтті
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында шахматтан қалалық жарыс өтті.
Бұл зияткерлік жекпе-жекке №20 лицейден, №9 мектептен, №125 мектептен және NIS-тен жас шахматшылар қатысты. Жарыс өздерінің дағдылары мен стратегиялық ойлауын көрсеткен үздік ойыншыларды жинады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған:
I орын: НИШ — Мухаметқали Жайыл, Фархадұлы Амир, Нұрхамит Әмина
II орын: НИШ — Меңдібек Әлтаир, Ауелбай Айсұлтан, Болатбай Нурикамал
III...
Бейбіт Исабаев Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуеті жайлы мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ресми делегацияны жылы қарсы алған өңір басшысы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайлы қысқаша айтып берді.
- Жетісу - аграрлық аймақ. Біз қант қызылшасы, жүгері, бидай, майлы дақылдар, ет, сүт...
ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 1 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті.
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары...
ЖЕТІСУДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында университет пен колледждердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін интеграциялау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Жетісу облысының мамандарға қажеттілігінің өңірлік картасы дайындалып, тұсауы кесілді.
Жетісу өңірінің колледждерінде негізгі:
Өңдеу өнеркәсібі,
Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп,
Энергетика саласы және жаңартылатын энергетика көздері,
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
Туризм индустриясы бағыттары бойынша мамандар дайындайтын болады.
Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді
Қазақстан Республикасы«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы9-бабының 8-тармағына және Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының шешіміне сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты төрағасының өкімімен Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді:
Азаматтық қоғам өкілдері:
Слямов Еркимбек Батырканович – Өзін-өзі ұсынушы
Есдаулетов Рахмет Разбекович – Өзін-өзі ұсынушы
Аринов Амире Аринович – Өзін-өзі ұсынушы
Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы – «Жетісу облысының Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ
...





























