26.8 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 29 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 220

Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл: Жетісуда 7429 жас азамат жеке куәлік алды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Жетісу облысының Полиция департаменті 16 жасқа толған азаматтарды құжаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.Жыл басынан бері облыс аумағында Қазақстан Республикасы азаматының 50 067 жеке куәлігі ресімделді. Оның ішінде 7429 құжат – алғаш рет жеке басты куәландыратын құжат алған жасөспірімдерге берілді.Құжаттандыру рәсімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес...

«Таза Қазақстан»: Жетісуда аумақтарды абаттандыру аясында 77 көпқабатты үйдің шатыры жөнделуде

Жетісу облысында биыл 77 көпқабатты үйдің шатыры жаңартылуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасына сәйкес елді мекендер аумағын абаттандыру, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы келбетінің талаптарға сай болуына көп көңіл бөлінуде. Бұл ретте Ақсу ауданында 15 шатыр, Қаратал ауданында 5, Көксу ауданында 11, Текелі қаласында 7, Талдықорған қаласында 39  шатырды жөндеу жоспарланған....

Келісім мен достық — қоғам дамуының кепілі

Қазақстан – этностары әртүрлі, мәдениеті бай көпұлтты мемлекет. Ұлтаралық татулық пен келісім – еліміздің ең басты құндылығы және тұрақтылығының кепілі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт әрі бірлік ішінде өмір сүруде. Қоғамдағы келісім мен достық – қоғам дамуының негізі. Өзара түсіністік пен сыйластық арқылы біз бірге мықты және берік Қазақстан құрып жатырмыз. Бұл...

Достық берік болсын

Достық-өмірдегі ең құнды да киелі ұғым. Өйткені ол сөздің түбі «дос» дегеннен бастау алатыны. Достық адамдарды етене жақын араластырып, бастарын қосып, жүректеріне жылулық ұялатып, өзара сенімдерін арттырып үміт отын лаулатып ынта, беретінімен қасиетті. Достық бір-біріне деген жауапкершілік пен қамқорлық, рухани жақындықтың бастауы. Достықтың беретін шабыты әрбір жанның қандайда бір қиындық, сәтсіздік сәттерінде мойымай бірге көтеріп жеңулеріне тигізер әсері де...

«Мемлекеттік тіл – достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті

Іс-шараның мақсаты – облыс аумағында тұратын этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тіл арқылы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту. Байқауға қатысушылар қазақ тілінде сөйлеу, көркем оқу және шығармашылық тапсырмалар арқылы өз білім деңгейлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша: I орын – Тохтахунов Молутжан Ахметович II орын – Абдушакиров Азиз Алимжаннович III орын – Исмаилова Феруза Сондай-ақ байқауға белсенді қатысқаны үшін Цой Ирина Тимофеевна Алғыс...

Сарыбөктерлік сарбаз – тәртіп пен табандылықтың үлгісі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарыбөктер» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Ерарыс Лесбек әскери қызметімен ерекшеленіп келеді. Ол Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы. Ерарыс бала жасынан білім мен спортты қатар алып жүрген. Мектепте үздік оқушылар қатарында болды. Оқумен қатар еркін күрес, бокс, шығармашылық және технологиялық шеберлік секілді түрлі бағыттарда...

“Көксу” шекара бөлімшесінде профилактикалық кездесу өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Көксу” шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Сарыөзек әскери тергеу бөлімінің тергеушісі капитан Х.Ысқақ “Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара барысында әскери қызметшілерге қылмыстық құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен жауапкершілік шаралары туралы кеңінен түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар қызметтік тәртіпті сақтау, жеке құрам арасындағы әдеп...

Жетісулық сарбаз – үздік радиотелефоншылар қатарында

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Жетісу» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Елнұр Қанат үлгілі қызметімен ерекше көзге түсіп келеді. Ол Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының тумасы. Елнұр мектепте озат оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, мектеп парламентінің президенті болған. Оқумен қатар спортты қатар алып жүрген ол бокстан республикалық және халықаралық...

Басқарма күні аталып өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының құрылған күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға басқарма басшылығы, әскери қызметшілер, ардагерлер мен шақырылған қонақтар қатысты. Мерекелік жиында басқарманың тарихы мен жеткен жетістіктері атап өтіліп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы ерекше қызметтері ерекше құрметпен айтылды. Бұл күн – «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының ел қауіпсіздігін қорғаудағы жауапты қызметінің мән-маңызын...

Үздік шекаралық бақылаушы анықталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» жолаушылар және жүк бағыттары бойынша бақылау бөлімінде бақылаушылары арасында «Үздік шекаралық бақылау маманы» атағына арналған кәсіби сайыс өтті. Сайыс әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін жетілдірумен қатар, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, қызметке деген жауапкершілік пен бәсекелестік рухын қалыптастыруға бағытталды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар арнайы марапатталып,...