Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру EGov порталы арқылы қолжетімді
Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар.
Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады.
Қызметті...
Жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны рәсімдеу процесінің трансформациясы
Жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны рәсімдеу әрбір болашақ ана үшін маңызды кезең. Бүгін "Трансформация" айдарында цифрландырудың арқасында бұл жәрдемақыны рәсімдеу процесі қаншалықты оңтайландырылғаны туралы айтамыз.
Ата Заң – 30 жыл: өткені өнеге, келешегі кемел
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толып отыр. Елдің басты құқықтық құжаты тәуелсіз мемлекет тарихында айрықша орын алып, қоғамдық-саяси жүйенің тұрақтылығы мен даму бағдарын айқындап берді.
Ресми мәліметке сүйенсек, 1995 жылғы референдумға сайлаушылардың 90 пайыздан астамы қатысып, олардың 81,9 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген. Бұл қазақстандықтардың демократиялық жолмен елдің болашағына шешім...
Еліміздің өнеркәсіптік негізін құру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру: өңдеу өнеркәсібі 2025 жылы 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты
Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің өнеркәсіптік берік іргетасын құру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға және өңдеуші саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев индустрияландыру нәтижелері өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.
«Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсті, ал өнім өндіру көлемі 16 трлн теңгеден асты....
Кәсіби мереке: Спортшыларға құрмет
Спорт күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады. Шараға өңірдің спорт саласының өкілдері, ардагерлер мен жас спортшылар қатысты.
Ернат Дүйсенбекұлы «Бұл мереке – тек спортшылардың ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанатын барлық азаматтардың ортақ мейрамы деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортты дамытуға ерекше мән беріп келеді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спортты дамыту,...
Жетісу спорты өркендеуде: 292 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде спортпен айналысады
Өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту басты басымдықтарының бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен спорт саласына 22 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Бүгінде облыста 1000 астам спорт нысаны жұмыс істейді, олардың қатарында 13 стадион, 42 спорт кешені, 18 бассейн, 502 спорт залы және басқа да инфрақұрылымдар...
Жетісу облысында соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 4,2%-ға, ал мал басы 8,1%-ға өсті
2024 жылы Жетісу облысында мал басы 2022 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға артты, ал биылғы жылдың бірінші жартысында мал саны шамамен 2,7 миллион басқа жетті. Аталған кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 4,2%-ға ұлғайды. 2025 жылдың алғашқы 6 айында 46,6 мың тонна ет пен 104,2 мың тонна сүт өндірілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде өңірде...
Жетісу облысы құрылғаннан бері облыста 276 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны жаңғыртылды
Жетісу облысы құрылғаннан бері облыста 276 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынды және жөнделді, соның 104-і биылғы жылдың үлесінде. Соның нәтижесінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жаңару деңгейі 55,8%-ға жетпек, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Білім беру саласында 2002-2025 жылдары 41 мектеп жаңарды, соның ішінде биыл 4 жаңа мектеп салынса, 6-уы күрделі құрылыстан кейін пайдалануға беріледі.
Соңғы үш жылда денсаулық сақтау...
Мемлекет басшысы: «Озық тәжірибені үйреніп, оны еліміздің болмысына бейімдеу керек»
«Білім сапасын жақсарта түсу қажет. Қазір ғылым мен білім, технология өте жылдам өзгеріп жатыр. Кеше алған білімің ертең өзекті болмай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің білікті болуы – өте маңызды мәселе. Жоғары оқу орнында алған біліммен шектеліп қалуға болмайтыны түсінікті. Озық ойлы шәкірт тәрбиелеу үшін ұстаздар ұдайы ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы керек. Балалардың оқуға зейінін ашатын әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген абзал.
Дамыған...
Президент: «Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті»
«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ел боламыз десек, ұстаздарға барынша жағдай жасауымыз керек.
Мен білім беру саласына айрықша мән беремін. 2019 жылы Президент ретінде қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі ұстаздарға қатысты болғанын білесіздер.
Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ,...





























