БАҚ пен әлеуметтік медиадағы кликбейт, манипуляциялық әдіс-тәсілдер мен бұрмалаушылықтар
Материалда:
• ақпаратты бұрмалап ұсынудың кең таралған тәсілдерін талдау;
• кликбейт-тақырыптар мен олардың аудиторияға әсеріне мысалдар;
• жаңалықтар мен желі кеңістігінде қолданылатын манипуляциялық технологияларға шолу;
• бұрмалау, сенсациялық тұжырымдар және арандатушылық әдістер арқылы аудиторияның назарын аударудың нақты жағдайлары ұсынылған.
Назар аудару феномені ресурс ретінде жеке қарастырылған. Қазіргі заманғы медиа кеңістігінде аудиторияның назары арандатушы форматтар мен эмоционалды контентті қолдана отырып, белсенді түрде сатылатын өнімге айналды....
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде электр энергиясы өшетіндігі туралы фейк
Instagram әлеуметтік желісіндегі кейбір пабликтерде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеу дайындалып жатыр деген хабарламалар тарауда.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді.
Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы толықтай тұрақты. Электр энергиясы штаттық режимде жеткізіліп, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық қажеттіліктерін қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі де ақаусыз жұмыс істеп тұр.
«Энергетика...
ҮЕҰ үшін сыйлықақыға өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.
Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету болып табылады.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16...
Жетісу облысында тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілуде
Жетісу облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Соңғы үш жылда 6 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Бұл үйлер өңірлік бағдарламалар, демеушілердің қолдауы, кредиттік және жалгерлік жүйелер арқылы, сондай-ақ апатты үйлерде тұрған тұрғындарды көшіру есебінен берілді. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос...
Жетісу облысы алдағы жылыту маусымына дайындықты бастады
Өңірде тұрғын үй секторындағы өрттердің үлесі жоғары. Өткен жылыту кезеңінде олардың саны 36%-ға өсті. Атап айтсақ, 187 жағдай тіркеліп, 14 адам қаза тапты. Өрттердің негізгі себептері – ескі пештер мен электр желілерін дұрыс пайдаланбау.
Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 15 тамыздан 1 қазанға дейін «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіліп жатыр. Әлеуметтік әлсіз отбасылардың үйлерінде түтін мен газ датчиктері орнатылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары...
Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы облыс әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар сала қызметкерлеріне арналған «Маман» тұрғын үй бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Өтінім беру 25-ші тамыздан бастап 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы және Жетісу облысының Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Жоба өңірдегі ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, мәдениет және спорт саласы өкілдері, энергетика...
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 мыңдай балаға жалпы білім беру қорынан жәрдем жасалса, 16 650 балаға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсетілмек, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 25 мыңдай балаға мектеп формасы...
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі
Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 мыңдай балаға жалпы білім беру қорынан жәрдем жасалса, 16 650 балаға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсетілмек, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы 25 мыңдай балаға мектеп...
"Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау аяқталуда
Отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылатын «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау науқаны соңғы кезеңге жетті.
Биыл төртінші рет өтетін байқауға «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу...
Жолдау-2024 жүзеге асыру: отандық өндірістің өсімі және ШОБ-ты қолдау
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру Үкімет үшін басты басымдық болып қала береді: «осында және қазір» қағидаты бойынша капитал тартуға жағдай жасалуда, отандық тауар өндірушілерге арналған кепілді өткізу нарығы кеңейтілуде, сатып алулардағы қазақстандық үлес артуда. Шағын және орта бизнесті қаржылық әрі қаржылық емес қолдау тетіктерін кеңейтуге...





























