Балқаш көлінің жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Жетісу облысы Сарқан ауданы аумағындағы Балқаш көлінің жағалауында шомылу маусымы қызып тұр. Осыған орай қазіргі уақытта құтқару қызметінің 13 маманы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Елдар Тұрсыновтың айтуынша, Балқаш көлінің 16 шақырымдық жағалауында шомылу маусымы басталғалы бері күнделікті патрульдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп...
Бейнебақылау камерасының көмегімен Жетісуда 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Жетісу облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.
Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заң талаптарының орындалуын бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оперативті басқару орталығының және бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері арқасында жыл басынан бері 11 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын...
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды
Маусым айындағы зерттеу ел дамуына қатысты бағалардың тұрақты екенін көрсетіп отыр. Бұл – таңдалған бағытқа қатысты қоғамда консенсус сақталып отырғанын және әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты болып отырғанын көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі (79,4%) ел дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды.
Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі...
Жетісу облысының Алдабергенов ауылында кезекті «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды
Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылуды. Бұл – өңірде ашылған осындай жетінші орталық, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, орталық қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға сүйеу болуға бағытталған. Мұнда отбасылық жанжалдарды шешуге жәрдем көрсетіліп, тұрғындар білікті мамандардан көмек ала алады.
Бұл орталыққа тек...
Жетісу облысында 265 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Жарты жыл ішінде Жетісу облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өскен. Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы алты айда өңірде 265 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға жоғары.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 591 миллион теңгеден асып, оның 91 миллионы өндіріліп, иелеріне қайтарылды. Қылмыстардың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен жарнама сайттары арқылы жасалған. Сонымен қатар жалған инвестициялар,...
Жетісу облысында 18 кәсіпорында заңбұзушылық анықталды – бәсекелестікке кедергі келтіретін мәселелер жойылуда
Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерін ұсынды.
Баспасөз жиынында департамент басшысы Маржан Кальменова өңірдегі бәсекелестік ортаны қорғау және дамыту бағытында атқарылған шараларды атап өтті. Негізгі мақсат - әділ нарықтық тәртіп орнатып, кәсіпкерлікке кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтату.
Мемлекеттік сатып алудағы картельдік келісім белгілері бойынша...
Талдықорғанда ашу жоспарланған жұмысшы мамандарға арналған тәжірие орталығы халықаралық жобаға айналмақ
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының басшысы, Орта Азия бойынша координаторы Серхан Актопрак мырзамен кездесті. Кездесуде аталған көші-қон ұйымымен өзара әріптестік байланыстар, соның ішінде еңбек миграциясы, адами капиталды дамыту мәселелері сөз болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Халықаралық ұйым өкілдерін жылы шыраймен қарсы алған Бейбіт Исабаев алдымен ресми қонақтарды өңірдің жағдайымен...
Электр желілеріне қосылу тәртібі
Егер сіз өз үйіңізді, кеңсеңізді немесе басқа да ғимаратты электр желісіне қосуды қаласаңыз, ең алдымен «Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар» деп аталатын рұқсат құжатын алуыңыз керек. Бұл құжатта электр қуаты қай жерден және қандай тәсілмен жеткізілетіні көрсетіледі.
Техникалық шарттарды электр энергиясын тасымалдайтын ұйым береді. Егер сіз көпқабатты тұрғын үйде тұрсаңыз, бұл құжаттарды әрбір тұрғын емес, үй иелері бірлестігі, тұтынушылар кооперативі немесе үйді...
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында 17,5 шақырым арық желісі жабдықталады
Биыл облыста 17,5 шақырым арық желісін жабдықтау қарастырылған. Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы асянда атқарылуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы облыстың аудан және қала аумақтарын, атап айтқанда қоғамдық инфрақұрылым объектілерін абаттандыруға және көше жарығын орнатуға биыл қаржы бөлінді. Соның ішінде арық жүйелерін жабдықтау да бар. Мәселен, Ақсу ауданы Қапал ауылында ұзындығы 2 шақырым, Ескелді...
Облыс басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке имәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға кірген азаматтар елді мекендерді газдандыру, суармалы сумен қамту, тұрғын үй және жер кезегіне қатысты мәселелермен жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімнің қабылдауына бірінші болып кірген азамат Қуат Қайранбаев Ақсу ауданының Алажиде, Молалы, Көлтабан, Егінсу, Матай, Сарқан ауданының Лепсі елді мекендеріне газ құбырын тарту, Бұрған...





























