Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: экономиканы әртараптандыру және $150 млрд тікелей инвестиция
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер экономиканың құрылымын өзгерту мәселесіне баса назар аударуын, еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктер қарастыруын тапсырған болатын.
Сонымен қатар Президент инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемінің...
Соттан тыс банкроттықтың маңызды шарттары: Қарыздан құтылудың жолы
Қазақстан Республикасының азаматтары, егер сіз қаржылық қиындықтарға тап болып, төлем қабілетіңізді қалпына келтіру үшін соттан тыс банкроттық рәсімін қарастырып жатсаңыз, барлық қажетті шарттарды білу және орындау өте маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл процесті нақты реттейді, сондықтан негізгі талаптарды түсіну өтінішті сәтті беруге көмектеседі.
Назарыңызға борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беру үшін орындауы тиіс міндетті шарттарды ұсынамыз:
• Міндеттемелер...
Қазақстан Республикасының Конституциясы – заңдылық пен қоғамдық тәртіптің негізі: Жетісуда ел Конституциясының 30 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
Жетісу облысында ел Конституциясының 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – заңдылық пен қоғамдық тәртіптің негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынды облыстық қоғамдық даму басқармасы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған мемлекеттік органдардың, ғылым және білім саласының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғандағы Салатанат сарайында өткен басқосуға...
Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман
Білім саласын дамыту – елдің болашағын айқындайтын маңызды басымдық. Ол халықтың әл-ауқатын арттырудың, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болудың және кемел келешекке қадам басудың негізгі алғышарты болып саналады. Әр оқу жылының қарсаңында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, саланың даму бағытына талдау жасалатын дәстүрлі тамыз конференциясы ұйымдастырылды. Ауқымды жиынға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, білім беру ұйымдарының өкілдері, ұстаздар қауымы...
Алаяқтар жаңа тәсілге көшті: Жасанды дауыс пен deepfake-тен сақ болыңыз
Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері күрт көбейіп отыр. Телефон арқылы қоңырау шалу, әлеуметтік желілерде жалған хабарламалар тарату, бейтаныс сілтемелер жіберу сияқты әдістердің қатарына енді deepfake технологиясы мен жасанды дауыс та қосылды. Бұл заманауи технологияларды қылмыскерлер азаматтарды алдау, қаржыларын иемдену және қоғамда дүрбелең туғызу мақсатында жиі пайдаланып жүр. Бұл туралы Жетісу облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Серік Демейов...
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды шара
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп, ұлы ойшыл, қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған тағылымды шара өткізді.
Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, ұлттық руханияттағы орны мен маңызы кеңінен насихатталды. Ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қатысушыларға Абай мұрасының жастар...
Конституция күніне арналған музыкалық-патриоттық кеш өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Айбыны асқақ Ата Заң» атты музыкалық-патриоттық кеш пен кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шарада елдік пен егемендіктің мәні кеңінен насихатталып, қатысушылар шығармашылық нөмірлер мен кітап көрмесі арқылы Конституцияның маңызымен танысты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Мәжіліс депутаты шекара нысанын аралады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Шыңдалы» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында жаңа салынған нысанның жай-күйін біліп, шекара сақшыларының жауынгерлік қызметімен танысты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Қатардағы Нұрберген Қанатұлы – үлгілі сарбаз
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жетісу» шекара бөлімшесінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Нұрберген Қанатұлы – үлгілі қызметінің жарқын үлгісі.
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тумасы, «Көктем-2025» шақырылымымен әскер қатарына қабылданған Нұрберген Қанатұлы медициналық колледждің «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдаған. Әскерге дейін аудандық емханада еңбек еткен, аудандық және облыстық ақындар айтысының жүлдегері. Бала...
Шекарашы ардагер шекарашылармен кездесті
Шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы, запастағы полковник Н.Мечетин ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында ол тәрбие жұмысын жүргізіп, өз тәжірибесі мен әскери қызметтегі алған білімдерімен бөлісті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























