19.6 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 28 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 203

Талдықорғанда 15 жасөспірімге алғашқы жеке куәліктері табысталды

 Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында 16 жасқа толған 15 жасөспірімге алғашқы жеке куәліктері табысталды. Жас азаматтарға құжаттарды Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков салтанатты түрде табыс етті. Ол өз құттықтауында жастарға ізгі тілегін білдіріп, жеке куәлік тек ресми құжат емес, мемлекет алдындағы азаматтық жауапкершіліктің, құқық пен міндеттердің...

Жетісуда Конституцияның 30 жылдығына орай мерекелік медальдар табысталды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар жетісулық азаматтарға мерекелік марапаттар тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиында көпшілікті облыс әкімінің атынан Конституцияның 30 жылдығымен құттықтаған Әлібек Жақанбаев тәуелсіз ел тарихындағы Ата Заңның рөлі, Жетісу облысының соңғы үш жылда қол жеткізген табыстары туралы...

Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл егемен еліміз үшін тарихи сәт болды. Баршаңызға құтты болсын деймін. Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас...

Жетісуда Ата Заңның 30 жылдығы аясында халыққа тегін заңгерлік кеңес беріліп, жасөспірімдерге жеке куәлік табысталды

Еліміздің Конституциясы күні қарсаңында Жетісу облысында азаматтарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Сол сияқты 16 жасқа толған азамататтарға жеке куәліктері салтанатты түрде табыс етілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Талдықорғандағы Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында облыстық қоғамдық даму және әділет департаменті бірлесіп халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында тегін заңгерлік көмек көрсету шарасын ұйымдастырды. Мұнда кез келген азаматтың...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын...

Айтылды – орындалды: Жетісуда халықпен кездесулерде көтерілген мәселелер қалай шешіліп жатыр

Жетісуда облыс әкімімен жыл сайынғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, Кербұлақ ауданында өткен жылғы кездесудің қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, су тасқынының алдын алу, көше жарығын орнату, жол жөндеу шаралары қабылданды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, биылғы жылдың шілде айында Малайсары ауылында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды. Бұл...

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жыл қорытындысында тұрғын үй кезегі 28%-ға қысқарады

Соңғы үш жылда Кербұлақ ауданында 260 тұрғын баспанаға ие болса, биыл тағы 368 үй беріледі. Солардың ішінде апатты үйлердің тұрғындары да бар. Осы шаралардың нәтижесінде жыл соңына қарай тұрғын үй кезегі 28%-ға қысқарады деп күтілуде. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Биыл жыл соңында пайдалануға берілетін 60 пәтерлік екі...

Монополияға қарсы реттеу

Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті қорғау саласындағы негізгі акт ҚР Кәсіпкерлік Кодексі болып табылады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу — монополияға қарсы органдардың негізгі функцияларының бірі. Ол үшін заңнамада тергеу, жауапқа тарту, сондай-ақ нарық субъектілері де, мемлекеттік органдар да тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды шектеу және жолын кесу шаралары көзделген. Тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер Бұзушылықтарды тергеп-тексеру келесі негізде басталуы мүмкін: мемлекеттік органдардан...

Жетісу облысынан 1000-ға жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады

Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлыққа сәйкес, 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында еліміздің барлық өңірлерінде мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуде. Күзгі науқан аясында Жетісу облысы бойынша шамамен 1000 азамат әскери борышын өтеуге аттанады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, олардың ішінде 100-ден астамы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ден астамы – ҚР Қарулы Күштеріне, 400-ден астамы – ҚР Ұлттық ұланына, ал...

Жетісу мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2025 жылғы №320 қаулысындағы өзгерістерге сәйкес білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарына бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Осындай ақпаратпен Білім басқармасы басшысының орынбасары Әли Солтанбеков пен Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Асхат Чарапиев бөлісті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...