Тәртіп сақшылары  Еңбекшіқазақ және Талғар қаласы аумағынан екі бірдей мас жүргізушіні қолға түсірді. Олардың бірі  Шелек ауылының санитарлық бекетінде «Ниссан Примера» автокөлігін тоқтату барысында  анықталса, екіншісі Азат кенті аумағындағы тосқауыл бекетінде «Лада 21927» маркалы автокөлік иесін тексеру кезінде құрықталған.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәлімет бойынша, аталған екі жүргізуші де ішімдік ішіп көлік басқарған. Оның бірі Шелек ауылының 43 жастағы, тағы бірі Өрікті кентінің 29 жастағы тұрғыны. Олардың екеуі де бұрын сот шешімі мен жүргізуші құқығынан айырылған.

Осыдан соң күдіктінің бірі ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау қамауына алынса, Өрікті кентінің тұрғыны айыққан соң мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылған. Қазір екі дерек те ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес, СДТБТ-да тіркеліп, көліктері айып тұрағына қойылса, өздеріне сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK