22.1 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 28 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 202

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады. Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты. Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі...

Конституция күнінде Жетісуда 3 медициналық, 3 мектепке дейінгі мекеме ашылып, мәдениет үйі мен әлеуметтік қызмет орталығы жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Жетісу облысында бірқатар жаңа нысандар іске қосылды. Мәселен, Көксу ауданында «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі бірдей фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілсе, Алакөл ауданында жаңа медициналық пункт іске қосылды. Сол сияқты Көксу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, Панфилов ауданында күрделі жөндеуден кейін ауылдық мәдениет үйі, Алакөл, Көксу, Панфилов аудандарында жаңа балабақшалар есігін...

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Ел Конституциясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында тәулігіне 120 тонна жүгері дәнін кептіретін цехы бар құрамажем зауыты ашылды. Экспортқа бағытталған кәсіпорын Панфилов ауданының Жаркент қаласында іске қосылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл Қазақстан-Қытай бірлескен жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде аудан экономикасына 500 млн теңге инвестиция тартылып, 30-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. – Кептіру кешені бар зауыттың іске...

КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтауы    Құрметті жетісулықтар!  Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Осы жылдар ішінде Ата Заң тәуелсіздікті нығайтудың және азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудың кепілі бола отырып, елдің экономикалық қуатын арттыруды, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі күні іске асырылып жатқан президенттік реформалар «Заң және...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі

Құрметті отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл егемен еліміз үшін тарихи сәт болды. Баршаңызға құтты болсын деймін. Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас темірқазығы. Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз...

Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты

Қазақстан Республикасының Конституция күніне байланысты 30 тамыз, сенбі күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. 1 қыркүйек, дүйсенбі күні тек кезекші орталықтар мен кезекші мамандандырылған орталықтар қызмет көрсетеді. Кезекші орталықтар 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған орталықтар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді. 2 қыркүйектен бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді. Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады. Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да...

Конституция күніне орай Жетісу облысында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісу облысының Панфилов ауданына қарасты Талды ауылында Конституция күні қарсаңында 300 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл нысан Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен салынды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының атынан ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады. – Білім алуға қолайлы жағдай жасау – Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі. Осыған...

Білімге жол ашылсын

1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесіне орай, Жаңабай Сағыныш Асқарұлы Басқарма және оған қарасты орталық қызметкерлері отбасынан алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге ұжымдық сый-сияпат табыстап, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Балаларға білім жолында сәттілік, жарқын болашақ пен шабыт тіленді.

Талдықорғанда «Жеңіс» және Орталық саябақтарына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Облыс орталығы Талдықорған қаласында биыл абаттандыру жұмыстары жүйелі әрі қарқынды жалғасуда. Атап айтқанда, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр жабындылары мен қасбеттері жаңартылып, тарихи ескерткіштердің айналасы абаттандырылуда. Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағының аркасы заманауи талаптарға сай жаңғыртылса, Орталық саябақтың Қабанбай батыр көшесі жағындағы кіреберісіне жаңа арка орнату жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Бұған қоса, Талдықорғанда «Тaza Qazaqstan» бағдарламасы аясындағы тазалық...