Талдықорғанда «Жеңіс» және Орталық саябақтарына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

204
Облыс орталығы Талдықорған қаласында биыл абаттандыру жұмыстары жүйелі әрі қарқынды жалғасуда.
Атап айтқанда, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр жабындылары мен қасбеттері жаңартылып, тарихи ескерткіштердің айналасы абаттандырылуда.
Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағының аркасы заманауи талаптарға сай жаңғыртылса, Орталық саябақтың Қабанбай батыр көшесі жағындағы кіреберісіне жаңа арка орнату жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.
Бұған қоса, Талдықорғанда «Тaza Qazaqstan» бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстары да белсенді түрде жалғасып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз