Әр дауыс – Қазақстан дамуына қосылған үлес
Бүгін біз мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды сәттің куәсі болып отырмыз. Мұндай жауапты кезеңдерде әр азаматтың жүрегінде туған елдің ертеңіне деген ерекше жауапкершілік сезімі оянады. Өйткені мемлекеттің болашағы – халықтың таңдауы мен азаматтық ұстанымының айнасы. Әр азаматтың таңдауы ортақ болашағымыздың қалыптасуына әсер ететін шешім.
Елдос Баялышбаев
Талдықорғанда «Туған Тель» татар этномәдени орталығының өкілдері дауыс берді
Облыс орталығы Талдықорғанда «Туған Тель» татар этномәдени орталығының өкілдері республикалық референдумға қатысып, Жаңа Конституцияның жаңа жобасын қабылдау бойынша өз таңдауларын жасады.
Орталық мүшелері бұл маңызды саяси науқанға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай маңызды шешімдерге халықтың қатысуы елдің болашағын айқындауда үлкен рөл атқарады.
«Біз еліміздің дамуы мен болашағына бейжай қарамаймыз. Сондықтан бүгін келіп, өз...
Бүгін жасалған әрбір іс – болашаққа жасалған нық қадам
Бүгінгі күні әрбір азамат ел болашағына бейжай қарамауы тиіс. Сондықтан әрбір саяси науқаннан қалыс қалмай, өз ойымызды ашық айтып, саналы түрде таңдау жасауымыз қажет деп есептеймін. Өйткені бүгін жасалған әрбір іс – болашаққа жасалған нық қадам. Ал, бұл арқылы тұрақты даму мен жарқын болашақтың негізі қаланады.
Ләззат Садыкова
Мемлекет болашағына үлес қосуға мүмкіндік
Бүгін - референдум күні.
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты ретінде еліміз үшін маңызды осындай саяси оқиғаларға қатысуды азаматтық борышым деп санаймын. Референдум — әрқайсымызға мемлекетіміздің болашағына үлес қосуға, өз ұстанымымызды білдіруге және еліміздің одан әрі дамуы мен жаңаруын қолдауға мүмкіндік береді.
Азаматтардың белсенділігі, бейжай қарамауы және ел тағдырына деген жауапкершілігі — күшті әрі әділетті Қазақстанның берік негізі екеніне сенімдімін.
Руслан Валишанов
Ғасыр жасындағы ақсақал Нұрмахан Тазабеков референдумға қатысты
№138 сайлау учаскесінде 100 жасқа толған ақсақал, Нұрмахан Тазабеков саяси науқанда өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
1926 жылы Елтай ауылдық округіне қарасты Қаражиде ауылы дүниеге келген қария, Ата Заңның маңыздылығын терең түсініп, Референдумға бейжай қарамайтынын тілге тиек етті. Ақсақал тыл ардагері, ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.9 баладан 18 немере, 14 шөбере сүйген ақсақал қарттығына қарамастан еліміздегі...
Жарқын болашаққа үлес
Бүгін жаңа Конституцияны қолдап, дауыс беруге қатыстым.
Шетте қалмай, азаматтық борышымды орындау – әрбір саналы азаматтың міндеті деп санаймын.
Еліміздің болашағы, тұрақтылығы мен дамуы өз қолымызда. Сондықтан осындай маңызды сәттерде белсенділік танытып, өз таңдауымызды білдіру – келер ұрпақтың жарқын болашағына қосқан үлесіміз.
Бірлігіміз берік, еліміз аман болсын!
Ғабит Тұрсынбай
Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес
Мен ең әуелі қала тұрғыны ретінде референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл – әрбір азаматтың ел алдындағы маңызды жауапкершілігі. Өйткені мемлекетіміздің болашағы мен даму бағытына бейжай қарамай, өз пікірімізді білдіру – азаматтық белсенділіктің көрінісі. Конституция – еліміздің негізгі заңы, мемлекетіміздің берік іргетасы. Онда әр азаматтың құқығы мен бостандығы, қоғамның негізгі қағидаттары айқындалған. Сондықтан конституциялық өзгерістер мен маңызды шешімдер қабылданатын...
Халықаралық байқаушы: «Қазақстанда референдум ашық әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр»
Астанадағы №282 референдум учаскесіне Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина халықаралық байқаушы ретінде барып, дауыс беру процесімен танысты.
Ол учаскедегі ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде екенін атап өтті. Байқаушының айтуынша, азаматтардың еркін әрі объективті түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған.
Біз кеше де, бүгін де бірнеше учаскені аралап шықтық. Барлық жерде дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылған. Жалпы...
Талдықорғанда «JLC» сүт зауытының ұжымы референдумда дауыс берді
Бүгін қаламыздың ең ірі «JLC» сүт өңдеу зауытының ұжымы №419 референдум участкесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Зауыт қызметкерлері елімізде болып жатқан саяси реформаларға бей-жай қарамай, еліміздің жарқын келешегі үшін дауыс берді.
«Біз үшін азаматтық борышымызды орындау маңызды. Елдің дамуына үлес қосу әрқайсымыздың парызымыз», – деді «JLC» сүт зауытының цех бастығы Әмина Арынбекова.
Еске салсақ, «JLC» сүт өңдеу зауыты – заманауи өндірістік кәсіпорын,...
Ауыл халқы азаматтық белсенділік танытуда
Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесі орналасқан. Таңмен таласа оянған тұрғындар дауыс беру үшін мектепке қарай бет алды. Ата Заңның маңызын терең түсінген ауыл халқы, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп отыр.
Жаңа Конституция бірліктің кепілі екенін түсініп, белсенділік танытып, көпшілікке үлгі болған отбасылар да бар. Соның бірі, Тасыбаевтар әулеті, ортақ шаңырақтан 40 ға жуық мейман келіп, дауыс...





























