Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес

4

Мен ең әуелі қала тұрғыны ретінде референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл – әрбір азаматтың ел алдындағы маңызды жауапкершілігі. Өйткені мемлекетіміздің болашағы мен даму бағытына бейжай қарамай, өз пікірімізді білдіру – азаматтық белсенділіктің көрінісі. Конституция – еліміздің негізгі заңы, мемлекетіміздің берік іргетасы. Онда әр азаматтың құқығы мен бостандығы, қоғамның негізгі қағидаттары айқындалған. Сондықтан конституциялық өзгерістер мен маңызды шешімдер қабылданатын сәтте халықтың пікір білдіруі аса маңызды. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Белсенді болып, еліміздің ертеңі үшін бірге таңдау жасайық!

Гүлниса Тұлымшақова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз